Олай дейтініміз, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауы бұл бағыттағы жұмыстың сапалы да нәтижелі болуын міндеттейді. Жолдауда басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керектігі айтылды.Үкіметке қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеттелді. Таяуда Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйiнде өткен Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы да Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асырудан туындаған ізгі қадамдардың алғашқысы болса керек. Түрiк кеңесi бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман бастаған кәсiпкерлер делегациясы мен 200-ге тарта түрiк инвесторлары және жергiлiктi кәсiпкерлер, тиiстi сала басшылары, қаржы институттары өкiлдерi қатысқан форумда облыс әкiмi Ж.Түймебаев өңiрге инвестиция тарту жолдары, экономикалық әлеует, Жолдау жүктеген мiндеттер жөнiнде баяндады. Өңірдің барлық аудандарында инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы мобильдік топтар құрылған.
«Республикадағы жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Тамшылатып суару, интенсивті баулар бойынша алдыңғы қатардамыз. Бұдан бөлек, облыстың аумағында ірі кен орындары көптеп шоғырланған. Облыс уран қоры бойынша елімізде 1-орында, фосфорит пен темір рудалары бойынша 3-орында. Республика бойынша мақтаның 100 пайызын, жүзім мен бақша дақылдарының 70 пайызын өндіреді. Ал индустрияландыру бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру бойынша 1-орында», деді түркиялық кәсіпкерлерге өңірдегі мүмкіндіктерді мәлім еткен облыс әкімі.
Пленарлық отырыста жасаған баяндамаларында Түрiк кеңесi бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман, Түрік Республикасы ұлттық экономика министрiнiң кеңесшiсi Тарык Сонмез, Түркиядағы «OSTIM» индустриялық аймақтарды басқару және құру халықаралық операторының басқарма төрағасы Орхан Айдын, Түркияның Сакария қаласындағы сауда-өнеркәсiп палатасының басқарма төрағасы Махмут Косемусул бауырлас елдiң ұйымдасқан индустриялық аймақтар құру жөнiнен де тәжiрибесi мол екенін аңғартты. Мысалы, Сакария қаласындағы сауда-өнеркәсiп палатасының басқарма төрағасы Махмут Косемусулдың айтуынша, Түркия 2023 жылға қарай экспорт көлемiн 500 млрд долларға, жалпы сауда айналымын 1 трлн долларға жеткiзiп, әлемнiң дамыған елдерiнiң ондығына кiрудi көздеп отыр. Осы арада айта кетелік, форум аясында «Оңтүстік» индустриялық аймағының ғимаратынан Түрік Республикасының «Ostim» индустириялық аймағының өкілдігі ашылды. «Оңтүстік» индустриялық аймағы үшін бұл бағытта тәжірибе алмасудың маңызы зор. Өйткені, Анкарадағы 5200 кәсіпорынның басын біріктірген «Ostim» индустриялық аймағы 50 жылдан бері дамудың үздік тәжірибесін көрсетіп келеді. Ал Инвестициялар және даму министрлiгi Инвестициялар комитетiнiң төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Оңтүстiк Қазақстан облысындағы «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағында кәсiпкерлер түрлi салық режімдерiнен босатылғанын, пайызы төмен несиеге қол жеткiзе алатынын атап өтті. Сонымен бiрге, С.Тұяқбаев түрiк инвесторларының бүгінде елiмiздегi 65 iрi компания мен холдингтерді жекешелендiрiлу акциясына да қатысуға мүмкiндiгi барын жеткiздi.Форумның пленарлық отырысынан соң қос тараптың iскер топтары мен тиiстi сала басшылары арасында өзара ынтымақтастықты нығайту жөнiндегi меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, «OSTIM» мен «Оңтүстiк» индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы, Сакария қаласы сауда-өнеркәсiп палатасы мен ОҚО кәсiпкерлер палатасы және «Шымкент» ӘКК ҰҚ» АҚ, сонымен бiрге, «Volkan Ambalaj» түрiк компаниясы мен «Оңтүстiк АЭА» басқарушы компаниясы және Анталья провинциясы мен облыстық денсаулық сақтау басқармалары арасында iскерлiк байланысты күшейту бойынша екiжақты келiсiмшарттар жасалды. Сондай-ақ, түрiк және жергiлiктi кәсiпкерлермен В2В үлгiсiнде энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм, құрылыс, медицина және фармацевтика, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсiптерi және өзге де салалар бойынша екi жақты келiссөздер жүргiзiлдi.
Форумның екiншi күнi Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өңiрдiң тауар өндiрушiлерi өндiрген 50-ден астам өнiм түрi келушiлер назарына ұсынылды. Бұл шарада облыстың туристiк агенттiктерi, «Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi», «Әзiрет Сұлтан» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы, «Kainar» қонақ үйi секiлдi қызметi туризмге бағытталған мекемелер де бауырлас ел кәсіпкерлерін қызықтырар дүниелер ұсынды. Кәсіпкерлер облыстың өндiрiстiк әлеуетiне жоғары баға бердi.Сонымен қатар, форумның үшінші күні делегаттар көне шаһар Түркiстанда, Отырар ауданындағы «Отырар төбе» қалашығында болды. «Арыстан баб» кесенесіне зиярат жасап, дұға бағыштады. Мәртебелі меймандарды күтіп алған Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов болашақта жүзеге асырылатын жобалармен таныстырып, бауырлас елдің өкілдерін өңірдің туризм саласына инвестиция салуға шақырды. Өткен жылы «Отырар төбе» қалашығына келген 110 мыңнан астам туристің 5 мыңы шетелдік саяхатшылар екенін мәлім еткен аудан әкімі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында «Арыстан баб» кесенесінен бастап «Отырар төбе» қалашығына дейінгі аралық көшенің халықаралық талаптарға сай көріктендірілетінін айтты. Сондай-ақ, делегаттар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін де аралап, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде болды.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табысталды
Спорт • Бүгін, 17:55
Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 17:42
Қызылордада 18 мыңға жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты
Қоғам • Бүгін, 17:12
Астанада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды
Білім • Бүгін, 16:58
АҚШ пен Иран көліссөздері жалғасып жатыр
Әлем • Бүгін, 16:25
Қазақстан тағы бір спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайды
Спорт • Бүгін, 16:14
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Ардагерлер Кеңесі ұлттық ойынды дамытуға бірге кірісті
Руханият • Бүгін, 15:50
Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты
Қоғам • Бүгін, 15:23
ДДҰ дабыл қақты: Конгодағы Эбола індетінен 177 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:05
Қостанайда саяжайдан өрт шықты
Қоғам • Бүгін, 14:41
Мемлекеттік күзет қызметі: Көктемде шақырылған сарбаздар ант қабылдады
Қоғам • Бүгін, 14:19
Ұлыбританияда TikTok пен YouTube желілері жасөспірімдер үшін қауіпті деп танылды
Әлем • Бүгін, 14:05
Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:43
Алматыда алғаш рет түнгі велошеруі өтеді
Спорт • Бүгін, 13:25
Қытайдағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 13:04