Таяуда Астанада Сыртқы істер министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бірлесіп, белгілі дипломат Сайлау Батыршаұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасының дипломатиясы: қалыптасуы, дамуы және келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, депутаттар, елімізге танымал тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, Оманның, Мысырдың, Украина, Беларусь, Ливан, Ауғанстан және басқа да мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері мен дипломаттары қатысты.
Жиынды ашқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ректоры Ерлан Сыдықов мерейтой иесін құттықтап, дипломаттың тұлғалық және күрескерлік жолы жайлы жүрекжарды пікірімен бөлісті және оқу орны атынан сый-сияпат табыстап әрі оның кеудесіне университеттің ең жоғары «Күлтегін» медалін тақты.
Сондай-ақ, сыртқы саясат ведомствосы тарапынан министрдің орынбасары Р.Василенко мерейтой иесі – С.Батыршаұлына Қазақстанның сыртқы саясатындағы жемісті еңбегі үшін алтын түсті «Еңбек ардагері» медалін тапсырды.
Жиын барысында дипломаттың өмірі мен қызметтік жолын, қажыр-қайратын арқау еткен «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» атты эссе-диалог кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Мұрат Алмасбекұлының авторлығымен жарық көрген жеті бөлімнен тұратын кітапта еліміздің ширек ғасыр ішінде қол жеткізген жетістіктері мен Президент Н.Ә.Назарбаевтың осы жолдағы ерен еңбегі, қазақ дипломатиясының бірқатар тұлғалары туралы, сондай-ақ, тәуелсіздік, ұлт тағдыры, тіл мен дін, шеттегі қандастар хақында кеңінен баяндалады.
Бүгінде қазақстандық дипломатияның ақсақалы саналатын Сәкеңнің аталған сала табалдырығын аттағанына 50 жыл толды. Қазіргі таңда зейнет жасынан асса да, еліміздің сыртқы саясатының қайнаған қазанынан қол үзбей келеді, жас мамандарға кәсіби дипломат ретінде ақыл айтуды өзінің парызы санайды. Осы орайда, біздің бүгінгі кейіпкеріміздің Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры ретінде халықаралық қатынастар мамандарын даярлап, шәкірттерге, магистранттарға, докторанттарға білім беруге бар күш-жігерін арнап жүргенін де айта кетуіміз керек.
Дамир ЕРНИЯЗОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ доценті

«Астана» велоклубының шабандозы «Джиро д 'Италияның» 13-ші кезеңін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 22:44
Қарағанды қаласы 2028 жылы ТМД жастарының астанасы болады
Қоғам • Бүгін, 22:08
Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 22:01
42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
Қоғам • Бүгін, 21:45
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 21:25
Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 21:09
Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 20:41
Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 20:26
Астанада кіші Талдыкөлдегі экопаркті абаттандыру жұмысы басталды
Қоғам • Бүгін, 20:12
Атырауда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді
Заң • Бүгін, 19:35
АҚШ билігі грин-картаға өтініш беруді қиындатты
Әлем • Бүгін, 19:05
Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады
Қоғам • Бүгін, 18:55
Қазақстанның оқушылары халықаралық марапатқа ие болды
Білім • Бүгін, 18:30
Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды
Заң • Бүгін, 18:15