Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуі біздің дамудың жаңа белесіне көтеріліп келе жатқанымызды айғақтайтын құнды құжат ретінде көрініс тапты. Ол, сонымен бірге, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық кезеңіндегі басқару жүйесіне өз тұрғысынан баға беріп, осыған орай бірқатар түзетулер мен өзгертулер енгізудің шарасына айналды. Бұған ширек ғасырлық уақыт ішінде қол жеткізілген ауқымды жұмыстардың нәтижелері алып келді. Сөйтіп, биліктің белгілі бір бөлігін Үкімет пен Парламент құзырына беру жөнінде ұйғарым жасалды.
Әлбетте, біздің егемендік жылдарындағы жолдарымыздың бәрі тақтайдай тегіс бола қойған жоқ. Егемендіктің елең-алаң кездерінен бері қарай сол даму жолдарын дәл бүгінгі күндегідей дәрежеге жеткізу үшін мемлекет тізгінінің бір қолға шоғырлануы аса қажет болды. Оның бір ізге салынып, жүйеге келтірілуінің өзіне қыруар еңбек пен күш-жігер жұмсалды. Сан мәрте тәуелсіздіктің мәртебесіне қауіп төндірген сәттер кездесіп қалып жатты. Соның бәрінде Елбасының алысты болжай алатын көрегендігі мен бәрін жан-жақтан ойластыратын салиқалы саясаты көмекке келіп, республикамызды талай тығырықтардан алып шықты. Осы ретте біз Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен құрылған, әлемде өзіне теңдес баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының өте бір сара да сарабдал саясатпен құрылғанына талай мәрте көз жеткіздік.
Бұл жылдарда Қазақстан аяғын әлем өркениетіне қарай апыл-тапыл басқан елден жаһанның алдыңғы қатарлы мемлекеттері мен халықаралық ұйымдары мойындайтын мерейі үстем мемлекетке айналды. Осы жылдарда еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың белсенді мүшесі болып алды. Биылғы жылдан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақсыз емес мүше ретінде көрінді. Ал Астана төрінде өтіп жатқан әртүрлі халықаралық форумдарда есеп жоқ. Соның бірі – таяуда ғана Сириядағы ахуалды реттеуге арналған келіссөз жүргізіліп, елорданың бітімгерлік рөлі күшейе түсті.
Қазақстан ширек ғасырлық мерзімде, сондай-ақ, мәдениет пен спорттың, білім мен ғылымның белгілі бір биігіне көтерілген еңселі елге айналды. Біздің елімізде спорттың бірқатар түрлерінен әлем чемпионаттары өтумен қатар, қысқы Азия ойындарының жалауы желбіреді. Ал тап қазіргі күндері Алматы баурайында қысқы Универсиада шеңберіндегі жарыстар қызып жатыр. Осы деректердің өзі республиканың 25 жыл ішінде белгілі спорт державаларының біріне айналғанын көрсетеді.
Біз мұның бәрінен Елбасының дана басшылығы мен сара саясатының ізін көреміз. Мемлекет басшысының билік тармақтарын бөлісу жөніндегі бастамасы да оның еліміз дамуына серпін беретін жаңа қадамдарының бірі болып шығатынына сенімдіміз.
Бибігүл НҮСІПЖАНОВА,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, профессор

«Астана» велоклубының шабандозы «Джиро д 'Италияның» 13-ші кезеңін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 22:44
Қарағанды қаласы 2028 жылы ТМД жастарының астанасы болады
Қоғам • Бүгін, 22:08
Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 22:01
42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
Қоғам • Бүгін, 21:45
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 21:25
Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 21:09
Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 20:41
Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 20:26
Астанада кіші Талдыкөлдегі экопаркті абаттандыру жұмысы басталды
Қоғам • Бүгін, 20:12
Атырауда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді
Заң • Бүгін, 19:35
АҚШ билігі грин-картаға өтініш беруді қиындатты
Әлем • Бүгін, 19:05
Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады
Қоғам • Бүгін, 18:55
Қазақстанның оқушылары халықаралық марапатқа ие болды
Білім • Бүгін, 18:30
Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды
Заң • Бүгін, 18:15