Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы – Қазақстанды жаңаша дамытудың идеясын нақтылайтын маңыз-
ды құжат. Онда біз Қазақстан мемлекеттілігін нығайту жөніндегі іс-қимылдың нақты жоспарын көріп отырмыз.
Қазіргі кезде елімізді ілгерілетудің экономикалық мүмкіндіктері жасалған. Жолдау алға жылжуды, инновациялық экономиканы дамытуға сапалық тұрғыда жаңа серпін беруді және Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енгізуді көздейді.
Бұрын мұндай міндеттерді шешерде ресурстар әлеуетіне, шетелдік инвестицияны тартуға, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға және басқа да экономикалық факторларға сенім артылатын. Енді алғаш рет белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттің барлық саяси институттарын реформалау негізінде адами капитал сапасының әлеуеті кеңінен әрі ауқымды түрде тартылатын болады.
Билік тармақтарының қалыптасқан жүйесі – Президент, Үкімет және Парламент палаталарының өкілеттіктеріне қатысты Ата Заңымыз – Конституцияға және басқа да заңдарға жекелеген өзгерістер енгізіледі.
Шын мәнінде, Үшінші жаңғыру еліміздің тек экономикалық келбетін ғана емес, мемлекеттік басқарудың барлық кешенін барынша іске қосты. Бұл – өте өрелі, ауқымы орасан зор міндет. Меже өте жоғары қойылды. Әлемдегі ең дамыған және өркендеген мемлекеттер Қазақстанның басты бағдары болып отыр. Бұл қазірдің өзінде Қазақстанға экономикалық тұрғыдан бір аймақ шеңберінде қалу таршылық ететінін көрсетіп отыр.
Әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына ену еліміздің беделін арттыру мақсатындағы әшейін бір қадам емес, ол әлемдегі жаһандық экономикада кез келген ел үшін теңдей дамудың міндетті шарты мен мүмкіндігі болып табылады.
Сондықтан, Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстанға уақыттың жаңа сын-қатерлеріне мейлінше тиімді жауап бере алатындай озық сипаттағы іс-қимылға бағдар береді. Келесі онжылдықта Қазақстанның жаңа мақсаты – елімізді жаңа аймақтық көшбасшы ретінде таныту.
Асқар БЕЙСЕНБАЕВ,
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы

«Астана» велоклубының шабандозы «Джиро д 'Италияның» 13-ші кезеңін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 22:44
Қарағанды қаласы 2028 жылы ТМД жастарының астанасы болады
Қоғам • Бүгін, 22:08
Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 22:01
42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
Қоғам • Бүгін, 21:45
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 21:25
Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 21:09
Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 20:41
Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 20:26
Астанада кіші Талдыкөлдегі экопаркті абаттандыру жұмысы басталды
Қоғам • Бүгін, 20:12
Атырауда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді
Заң • Бүгін, 19:35
АҚШ билігі грин-картаға өтініш беруді қиындатты
Әлем • Бүгін, 19:05
Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады
Қоғам • Бүгін, 18:55
Қазақстанның оқушылары халықаралық марапатқа ие болды
Білім • Бүгін, 18:30
Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды
Заң • Бүгін, 18:15