05 Қаңтар, 2017

Мұнай қайта көтеріліп, теңге қалпына келуде

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана уақытымен 10:00-де Брент маркалы мұнайдың құны барреліне 56,30 долларға дейін қымбаттады. Апта басындағы демалыс күндері ОПЕК+ келісімінің күшіне енгенінен бастап қара алтынның құны сәл төмендеп, 55 долларды маңайлаған еді. Кешелі бері Кувейт пен Оманның және Ирактың мұнай өндірісін азайта бастағанын мәлімдегенінен кейін шикізат бағасы қайта көтеріле бастады. Апта басында мұнай бағасына қарап құбылған теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірнеше аптадан бергі минимумға түсіп, 334-ке дейін барған еді. Дегенмен, бүгін шикізат құнының қайта көтерілуімен ұлттық валюта қайта нығайып, KASE-нің таңғы сессия қорытындысы бойынша бір АҚШ доллары 332,57-ге тең болды.
Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37