Медицина • 04 Мамыр, 2017

Қазақстан ТМД елдерінде алғаш болып обырға қарсы "сұйық биопсия" технологиясын қолдануда

193 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан ТМД-да бірінші болып қатерлі ісікті анықтаудың жаңа әдісі – «сұйық биопсия» қолдануды бастады

Қазақстан ТМД елдерінде алғаш болып обырға қарсы "сұйық биопсия" технологиясын қолдануда

Обырды диагностикалау мен емдеудің ең соңғы зерттеулері туралы сөз қозғалған жиынның бұл жолғы табысы – Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып метастазалық колоректальды қатерлі ісікті науқастарда (мКРР) «сұйық биопсия» көме­гімен RAS биомаркерлерін анық­таудың жаңа технологиясын енгізді. Бұл әдіс науқастардың жа­нына батпайды, ағзаға зақымы аз әрі нәтижесін ұзақ күтудің қажеті жоқ. 

Сонымен, Съезд аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен «Мерк» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында онкологиялық сырқатпен күресу саласында өзара түсіністік және ын­тымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойды.

Осы арада 1668 жылы құрыл­ған, бүгінде 50 мыңдай қызметкері бар «Мерк» әлемдегі ең байырғы химиялық-фармацевтикалық ком­паниялардың бірі болып табылатынын айта кету керек.

– Съезд барысында дертті барынша дер кезінде диагностикалау, ересектер мен балаларда онкологиялық сырқаттарды емдеу мәселелері қаралды. Инновациялық медициналық технологиялар, патоморфологиялық және молекулярлы-генетикалық зертханалардың мүмкіндіктері ұсынылды. Трансплантология, нейроонкология, психикалық-әлеуметтік көмектердің жай-жапсары талқыланды. Отандық ғылымның дамуына септесетін жас ғалымдардың тақырыптық секциялары өтті.

Съезге Италия, Испания, Түркия, Израиль, Ресей, Украи­на, Беларусь, Грузия, Әзербай­жан, Польша, Чехия мен басқа да елдердің білікті мамандары шақырылды. Жиынға же­текші сарапшылардың ша­қы­рылуы тағдыршешті қоры­тындылар жасап, тиімді жаңа­лық­тар ашуға мүмкіндік бе­реді. Осы жиында берілген білім, бөлінген тәжірибенің дәрі­герлеріміз үшін пайдасы үлкен. Біртіндеп еліміздің барлық өңірлерінде жоғары технологиялар енгізіле береді. Съезд жұмысы онкологиялық қызметті жақсартуға, осы сала­ның озық тәжірибелері мен инновациялық технологияларын елімізге әкелуге ықпал ететіне сенімдіміз, – деді Онкологтар қоғамдастығының президенті, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу инсти­ту­тының директоры Диляра Қай­дарқызы.

Съезд шеңберіндегі маңызды оқиғаға қайта оралатын болсақ, метастазалық колоректальдық обырға (МКРО) шалдыққан науқастардағы биомаркерлердің жеке мәртебесін түсіну – кейін емдеу тәсілін таңдауда, дер кезінде шешімдер қабылдауда аса маңызды. Бұл науқастың өмірін барынша ұзартады.

Сонымен бағасы 50 мың долларды құрайтын жаңа ме­дициналық құрылғы Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зеттеу институтында орнатылды. Біздің мамандар бір ай бойы онымен жұмыс істеуді үйренбек.

– Сұйық биопсия – бұл он­коло­гиялық аурулармен күре­су жолындағы жаңа термин. Дертті ерте бастан және сипатын дәл анықтау емнің сапалы болуына, қатерлі ісікті асқындырмауға әсер ететіні ешкімге құпия емес. Медициналық сараптамалардың дәл­дігін арттыра отырып, біз нау­­қастардың жағдайын жақ­сартамыз. Дәстүрлі диагнос­ти­­калаумен байланысты ауырсыну сезімдерін, са­рап­­тама нәтижесін сарсылып күту мерзімін азайтамыз. RAS маркерлерін молекулярлық диаг­ностикалаудың инновациялық әдісі кешегі кеңестік аумақта бірінші болып Қазақстанда ен­гізіліп отыр. Қазірге Ре­сей­дің «сұйық биопсия» жа­сау­ға мүмкіндігі жоқ. Біздер он­ко­логиялық ауруларды же­ңуге болатынына сенеміз. Әсі­ресе оны дер кезінде анықтап, асқын­дырмай емдеуді бастау керек. Аталған технология қан­дай географиялық өңірде ор­наласқанына қарамастан, метас­тазалық колоректальдық обыр анықталған науқастарда RAS биомаркерлерін бағалау үшін «сұйық биопсияны» жасауда оларды барынша көп қамтуға деген тілегімізге жақындауға мүмкіндік береді.

Біз науқастар мен дәрігер­лердің құзырына кірмей­тін мәсе­лелерге қатысты қолдау көр­сетуде өзімізге алынған әлеу­меттік жауапкершілікті міндет­темелерді іске асырып жатырмыз, – дейді «Мерк» компания­сының вице-президенті әрі кон­тинентальдық аймақтар жетекшісі Яннис Влонтзос.


Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»


АЛМАТЫ



Соңғы жаңалықтар