Медицина • 28 Сәуір, 2017

Тұрақтылық – тұғырымыз

340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясын теледидар арқылы тамашалап, ерекше әсер алдым. Елбасы Ассамблея мүшелеріне тың міндеттер жүктеді. Президент «Туған жер» жобасы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып беретініне тоқталып, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керектігін айтты.

Тұрақтылық –  тұғырымыз

«Біздің қаншама замандасымыз, қаншама Ассамблея белсендісі ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне, жынысына қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек. Мұнда қойылатын талап біреу ғана, ол – азаматтың Қазақстан дамуына қосқан үлесі», – деді Мемлекет басшысы. 

Мемлекет басшысы азаматтық біре­гейлікті нығайтып, бірлік пен келі­сімді қамтамасыз ету қажеттігін айтып, қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын реттеп, олардың қызметтері­нің нақты критерийлерін жасауды, Үкі­метке қайырымдылықты дамыту, оның ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Бизнес, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерін «Туған жер» жобасына қатысуға және өз ауылдас­тарын қолдау үшін күш жұмылдыруға шақырды.

Ұлт пен ұлысты ұйыстырған  Қазақ­стан халқы Ассамблеясы секілді қоғам­дық институттың еліміздегі татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызы зор. Сондықтан, Ассамблея мүшелері Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға жұдырықтай жұмылып, белсене атсалысады деп ойлаймын.  

Сессия жиынына қатысқан Шы­ғыс Қазақстан облысындағы ҚХА ғы­лыми-сараптамалық тобының төр­айымы Нелли Краснобаева әлеумет­тік-демографиялық дамудың респуб­ликалық зерттеу институтын құру жөнінде жақсы ұсыныс айтты. Бұл ұсынысты мен де құптаймын.

Сөзімнің соңында Президенттің жуықта жарық көрген мақаласы барша қазақстандықтарға, менің замандастарыма ерекше жігер бергенін айтқым келеді. 

Армен КАРАПЕТЯН,

армян этномәдени бірлестігінің мүшесі

Шығыс Қазақстан облысы


Соңғы жаңалықтар