Қоғам • Бүгін, 10:20

Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі тұрғын үй кезегіне байланысты таралып жатқан жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Ведомство мәліметінше, алаяқтар өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды алдауға тырысады. Олар әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратып, сондай-ақ мессенджерлер арқылы тұрғындармен байланысқа шығады.

«Көбіне алаяқтар «баспана кезегіңіз келді»немесе «пәтер кілтін шұғыл рәсімдеу қажет» деген сылтаумен жеке мәліметтерді сұрайды немесе ақша аударуды талап етеді. Мұндай әрекеттер заңсыз және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі», делінген хабарламада.

Полиция өкілдері банктердің қызметкерлері ешқашан мессенджер арқылы құжат рәсімдемейтінін және жылжымайтын мүлік кілттерін бермейтінін еске салды. Тұрғын үй алу тек ресми тәртіппен жүзеге асырылады.

Ақмола облысында жалған құжат жасамақ болған күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40