Қоғам • Бүгін, 10:30

«928 млн теңге»: Түркістан облысында ветеринарлық қызмет мемлекеттен ірі қаражат жымқырған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында ветеринарлық қызметте 928 млн теңгені жымқыру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

«928 млн теңге»: Түркістан облысында ветеринарлық қызмет мемлекеттен ірі қаражат жымқырған

Прокуратура мәліметінше, заңбұзушылық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК қызметін тексеру барысында анықталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2022–2025 жылдар аралығында мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлері мемлекеттік сатып алу кезінде төлем құжаттарына әдейі жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын заңсыз аударып отырған.

Олар кәсіпкерлерге қаражат аудару барысында өздерінің электронды цифрлық қолтаңбаларын (ЭЦҚ) пайдаланған. Ал заңсыз әрекеттерді жасыру үшін төлем тапсырмаларында бірдей ЖСН көрсетіп, тек ұйым атауларын өзгертіп отырған.

Алайда шын мәнінде көрсетілген компаниялар қызмет көрсетпеген және тауар жеткізбеген. Соның салдарынан мемлекетке ірі көлемде залал келтірілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігімен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

2026 жылғы 26 наурызда төрт адам — ветқызметтің екі бұрынғы басшысы, орынбасары және бас есепшісі күдікті ретінде танылып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта өзге де тұлғалардың қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Ақтөбе облысында шенеунік пен екі депутат 672 млн теңге жымқырған

Соңғы жаңалықтар

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40