Болжамға сәйкес, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
«Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» мәліметінде.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі, солтүстікте көктайғақ, батыста, оңтүстікте және орталықта желдің күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында және Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.