Дәурен Иманжанұлы Ердебай 1977 жылы 20 қарашада дүиеге келген.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, мамандығы «халықаралық экономист».
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінде жетекші маман, бөлім бастығының орынбасары болып бастады.
2001 жылғы тамыз – 2002 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2002 жылғы қыркүйектен – Азия Даму банкінің консультанты.
2002 жылғы қыркүйек – 2004 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде департамент директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің консультанты, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2004-2007 жылдары «SAT&Company» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары, 2007-2009 жылдары «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» АҚ президенті, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» АҚ Бас директоры болып жұмыс істеді.
2009 жылғы ақпаннан бері – «Біріккен химия компаниясы» ЖШС Басқармасының төрағасы.
2013 жылғы мамырдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары.
2013 жылғы маусымнан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.