Үкімет • 27 Сәуір, 2017

Сағынтаев су деңгейінің көтерілуінен қорғау жөнінде кеңес өткізді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елді мекендерді су деңгейінің көтерілуінен қорғау жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

Сағынтаев су деңгейінің көтерілуінен қорғау жөнінде кеңес өткізді

Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының елді мекендерді көктемгі кезеңде еріген қар суы мен тасқын сулардың көтерілуінен қорғау бойынша берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында еріген қар суы мен тасқын суларды сақтайтын су қоймаларының, қорғаныс тасбөгеттері мен құрылыстардың, апаттық-тасқындық суқашыртқылардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары бойынша, сонымен қатар еліміздің гидрометеорологиялық қызметінің жабдықтарын жаңғырту бойынша шаралар кешені қаралды.

Соңғы жаңалықтар