Әлем • 04 Сәуір, 2017

​Ресейде полицейлерді өлтірді деген күдіктілердің бірі Атырауда қолға түсті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі ресейлік серіктестердің бағдары Астраханьда полиция қызметкерлерін өлтіруге қатысы болуы мүмкін Ресей азаматтарын тексеруді жалғастыруда, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

​Ресейде полицейлерді өлтірді деген күдіктілердің бірі Атырауда қолға түсті

Жедел іс-шаралардың жүргізілу нәтижесінде іздеудегі адамның бірі Гизатов Альибек Батырбекович (1990 жылы туылған) Атырау облысынан табылды. Гизатовтың кәсіпорындардың бірінде қарапайым жұмыс істеу үшін республика аумағына биылғы жылдың 31 наурызында келгені анықталды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша ол қарулы шабуылға қатыспаған. Қазіргі кезде жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін Гизатовты ресейлік тарапқа беру мәселесі қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар