Олимпиада • Кеше

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 7 ақпан күні Италияның Милан қаласында XXV Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Алғашқы жарыс күнінде алты отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?

Бірінші күннің бағдарламасында әйелдер арасында скиатлон сайысы (10 шақырым + 10 шақырым) өтті. Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы жарыс жолына шықты. Ксения Шалыгина 53-орынға табан тіресе, Надежда Степашкина 60-орынды иеленді.

Тағы бір жарыс түрі – конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды. Бұл бағдарламада Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті. Екеуі де үздік ондықтың қатарына енді.

Надежда Морозова 4:01.200 уақыт көрсеткішімен алтыншы болып мәреге жетті. Ал Елизавета Голубева 4:03.300 уақыт көрсеткішімен оныншы орынға тұрақтады.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Милан-Кортина Олимпиадасында ел намысын 10 дисциплинада 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қорғайды. Жалпы додаға 93 мемлекеттен 3000-ға жуық атлет қатысады.

Соңғы жаңалықтар