Жедел іс-шаралардың жүргізілу нәтижесінде іздеудегі адамның бірі Гизатов Альибек Батырбекович (1990 жылы туылған) Атырау облысынан табылды. Гизатовтың кәсіпорындардың бірінде қарапайым жұмыс істеу үшін республика аумағына биылғы жылдың 31 наурызында келгені анықталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша ол қарулы шабуылға қатыспаған. Қазіргі кезде жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін Гизатовты ресейлік тарапқа беру мәселесі қарастырылуда.