2016 жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Сот пен «Астана» ХҚО қызметкерлерін шетелде дайындау, дәлірегінде Лондонда Law Society бағдарламасы бойынша оқытуға 15 қызметкерге «Болашақ» президенттік стипендиясын бөлу бойынша Республикалық комиссия шешім шығарған.
Тағылымдама бағдарламасы 6 айға шақталған: сәуір айы мен қыркүйек айы арасында академиялық және практикалық компоненттерден тұрады: 10 апта теория мен 5 апта тәжірбиені Ұлыбританияның заң және адвокаттық фирмаларында, соттарда өтеді.
Бұл бағдарлама шетелде мамандарды дайындықтан өткізу, қазақстандық мамандарды әлемнің ең мықты оқу орындарында дайындау бағдарламасы бойынша түзілген.
Кадрларды шетелде дайындау бойынша атқарылған іс-шараларды айта келе, Мемлекеттік Хатшы Г.Әбдіхалықова қазіргі күні «Соттар және сот қызметкерлері» категориясының Президенттік Болашақ халықаралық стипендиясындағы басымдыққа ие мамандықтардың қатарында екенін айтты.
«Бұл Елбасының алға қойған – заңның жоғарғы мәртебесін қамтамсыз етіп, инвестициялық климатты жақсартуға қатысты мақсатындағыдай, соттардың квалификациясын арттырады», - деді ол.
«Астана» ХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, халықаралық қаржы орталығының құрылуында адами капитал аса маңызды, сол үшін де АХҚО Білім министрлігімен арнайы бағдарламаны қолға алды.
«Ел экономикасына қаржы ресурстарын тартып, капиталдың жаңа толқынының құрылуы үшін АХҚО-ға халықаралық деңгейдегі жоғарғы кәсіби мамандар қажет», - деді ол.
Өз кезегінде ҚР Жоғарғы Соты Төрағасы Қайрат Мәми стипендианттарға Елбасының Ұлт Жоспарының 24 қадамын жүзеге асыру үшін Астанада Халықаралық Арбитраждық орталығы құрылатынын, оның қызметінің сот ісінде ағылшын тілі мен англосаксондық құқық жүйесін құру арқылы инвестициялық дау-дамайларды шешуге бағытталатынына тоқталды.
«Сондықтан, англосаксондық құқықтық жүйесін зерттеуге баратын, шетелдік тәжірбиені зерттейтін соттардың арнайы тобын дайындау қажет», - деді ол.