Дауыс берушілер 11 үміткердің арасынан елді бес жыл бойы басқаратын кандидатты таңдайды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Сайлауға елдің 6,7 млн азаматы қатысуға құқылы. Республикалық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, барлығы 8 523 сайлау учаскесі, соның ішінде Косово және Метохия автономиялық өлкесінің аумағында 90 учаске жұмыс істейді.
Қоғам арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, халықтың 54,3 пайызы Сербияның қазіргі премьер-министрі Александар Вучичті қолдап отыр. Екінші орында бұрынғы омбудсмен Саша Янкович («Үрейсіз Сербия» азаматтар тобы) (сайлаушылардың 12,8%-ы) тұр. Үшінші орынды Любиша Прелетачевич Белый лақап атымен кеңінен танылған пародист-комик Лука Максимович (9,5%) иеленген.
Сербия парламенттік республика болып табылады, бұл елдің мемлекет басшысы негізінен өкілеттік ету функцияларын атқарады.