Үкімет • 01 Сәуір, 2017

Сағынтаев ЭКСПО-ға дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Сағынтаев ЭКСПО-ға дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының Астанада өтетін ЭКСПО-2017-ге дайындық жұмыстары қаралды. Көрме ісін алға жылжыту, еріктілер қызметі, қазақстандық компаниялардың қатысуы, сонымен қатар көрме аяқталғаннан кейін көрме павильондарының орындарын пайдалану мәселелері талқыланды, деп жазады pm.kz.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне даярлық жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар