Технология • 31 Наурыз, 2017

Қазақ ғалымы Жұмабай Бәкенов ерекше аккумулятор ойлап тапты

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмабай Бәкеновтың жасаған аккумуляторлары әдеттегі аккумуляторлардан бес есе ұзақ жұмыс істейді және 30 пайызға арзан. Сонымен қатар экологиялық қауіпсіз.

Қазақ ғалымы Жұмабай Бәкенов ерекше аккумулятор ойлап тапты

17 жылдан бері Токио технологиялық университетінде, Канададағы Ватерлео университеті мен Назарбаев университетінде литий-күкірт аккумуляторын зерттеумен айналысып келе жатқан отандасымыз Жұмабай Бәкенов жасаған өнімге қазірдің өзінде Қазақстан мен Қытай компанияларынан ұсыныс түсіп жатыр.  

2013 жылы Назарбаев университетінің химия инженерлігі ғылымының профессоры, Батарея институтының негізін қалаушысы және президенті, техника ғылымдарының докторы (Жапония), химия ғылымдары саласында PhD дәрежелі ғалымы (Қазақстан ұлттық ғылым академиясы) Дүниежүзілік банк пен ҚР Үкіметінің коммерциялау бағдарламасы бойынша литий-күкірт аккумуляторларын жасау үшін 1,5 млн доллар грант жеңіп алған. 

Ғалымның айтуынша, оның жасаған аккумулятор басқараларға қарағанда 5 есе сыйымды, қолданушы үшін де, экологиялық тұрғыдан да қауіпсіз және өзіндік құны арзанға түседі.

"Батареяның құны смартфон, ноутбук пен өзге де гаджеттердің өзіндік құнының 30-35 пайызын құрайды", - дейді ғалым. 

Қазіргі таңда Бакеновтың жетекшілігімен бір топ ғалым бірнеше зертханада жұмыс істеп жатыр. Оның бірі Астанадағы Назарбаев университетіне қарасты "Астана ұлттық зертханасындағы" Аккумулятор институты болса, енді бірі Қытайдағы Хейан қаласында. 

Қазіргі таңда жобаның құнын ғалымдар 15 мле долларға бағалап отыр. 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37