Бағдарламалар • 30 Наурыз, 2017

​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы №72 және «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №72 қаулысына өзгеріс енгізу және «Почта арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі №798 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» 2014 жылғы 10 ақпандағы №74 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2017 жылғы 10 ақпан                №43               Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 339-құжат);

2) «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №72 қаулысына өзгеріс енгізу және «Почта арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі №798 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 74 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 5, 50-құжат).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Б.САҒЫНТАЕВ


Соңғы жаңалықтар