2017 жылғы 2 ақпан №33 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 277-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) республикалық концессиялық жобаларды;
2) егер жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінде өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға ретінде айқындалсын.»;
2) «Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1057 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ