Бағдарламалар • 30 Наурыз, 2017

​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» 2014 жылғы 30 сәуірдегі №428 және «Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1057 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2017 жылғы 2 ақпан           №33           Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 277-құжат):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

1) республикалық концессиялық жобаларды;

2) егер жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінде өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға ретінде айқындалсын.»;

2) «Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1057 қаулысында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Б.САҒЫНТАЕВ


Соңғы жаңалықтар