Қаржы • 29 Наурыз, 2017

Шетел валютасындағы депозиттер көлемі азайды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​2017 жылғы ақпанның соңында депозиттердің көлемі қаңтар-ақпанда 6,2%-ға төмендеп, 17 045,4 млрд. теңгені құрады.

Шетел валютасындағы депозиттер көлемі азайды

«Мұндай серпін ұлттық валютадағы депозиттер ұлғайған кезде (0,3%-ға) шетел валютасындағы депозиттер көлемінің азаюына (11,5%-ға) байланысты болды. Нәтижесінде, депозиттердің долларлану деңгейі 2016 жылғы желтоқсандағы 54,6%-дан 2017 жылғы ақпанда 51,5%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың валюта салымдарының үлесі жыл басынан 49,1%-дан 45,8%-ға дейін, жеке тұлғалардікі  62,0%-дан 58,8%-ға дейін төмендеді», деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі. 

Ұлттық банктің мәліметтеріне қарағанда, төл валютадағы депозиттердің өсуіне жеке тұлғалар депозиттерінің көбеюі әсер еткен. 

«Олар жыл басынан 4,1%-ға немесе 121,3 млрд. теңгеге ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер теңгенің нығаюы нәтижесінде қайта бағалау есебінен де (қаңтар-ақпанда 6,2%-ға), нақты әкетілуі есебінен де (5,7%-ға) төмендеді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар