Әлем • 29 Наурыз, 2017

Ұлыбритания ЕО-дан шығу процесін бастап кетті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй елдің Еуроодақ құрамынан шығу процесін бастайтын хатқа қол қойды.

Ұлыбритания ЕО-дан шығу процесін бастап кетті

Құжат енді Еуропалық Кеңес төрағасы Дональд Тускке бүгін жіберіледі. Осыдан кейін Тереза Мэй министрлермен кездесіп, парламентте сөз сөйлейді. Ал 29 сәуірде Ұлыбританияның қатысуынсыз Еуроодақ басшыларының саммиті өтеді. 

Шарада ұйым Еурокомиссияға келіссөз жүргізуге өкілеттік беріп, ол келіссөз жоспарын даярлап, жариялауы тиіс. 

Айта кетейік, өткен жылы Ұлыбританияда Еуроодақ құрамынан шығу жөнінде референдум өткен. Онда ұйымнан шығуды қолдағандар жеңіске жетті. Осыған байланысты ақпан айында үкімет өз жоспарын жариялаған. Оған сәйкес Ұлыбритания ортақ нарықтан шығып, жаңа кеден тәртібін енгізеді. 


Соңғы жаңалықтар