Автобустар әзірше трамвай депосында қуат алады.
"Автобус таңда желіге шығуы үшін қуат алуы керек, яғни белгілі бір қуат керек. Менің білуімше, электравтобустардың қуаты 70 шақырымға жетеді. Сәйкесінше, ол әр айналымда қуат алып отыруы керек. Сондықтан соңғы аялдамаларда қуат көзі болуы тиіс. Қазір біз қуат көзін қайда орнатуға болатынын іздестіріп жатырмыз, сондықтан автобустардың нақты бағыты әлі анықталмады", - деді "Алматыэлектркөлік" ЖШС жетекшісі Ризван Цинаев. Оның айтуынша, Қытайды есептемегенде, басқа елдерде электравтобустарын жаппай қолдану тәжірибесі әлі енгізілмеген.