Аймақтар • 29 Наурыз, 2017

Қарағандыда «Зергер» көр­ме-байқауы өтті

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда Достық үйінде «Зергер» көр­ме-байқауы өтіп, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен зергерлер қатысты.

Қарағандыда «Зергер» көр­ме-байқауы өтті

Авторлық жұмыстар әралуандылығымен және әдемілігімен келушілерді тәнті етті. Әр шебердің өзіндік стилі, өзіндік орындау техникасы бар. Ұна­ған әшекейлерді сатып алуға да мүмкіндік туды.  

«Биыл зергерлік өнердің дәстүрлі ашық байқауы Қарағанды облысының әкімдігі жа­нындағы «Қоғамдық келісімнің» қолдауымен жаңа алаңда – Достық үйінде ұйымдастырылып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлер байқауда 20-ға жуық авторлық бұйым ұсы­­н­ды. Жастар көп. Жаңа есімдер жария болады деп ойлаймын», – деді «Шебер» сәндік-қол­­­­данбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы қо­­ғам­дық бірлестігінің төрағасы Наталья Вшив­цева.

Қазылар алқасына қарағандылық зергер, «Зергер» байқауының лауреаты Сергей Таскин жетекшілік етті.

Қазақстан Қолөнершілер одағының төрағасы, Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Орталық Азия бойынша вице-президенті Айжан Бекқұло­ваның пікірінше, Қарағандыда зергерлік өнер жақсы дамыған.

− Сөрелерді қарап шығып, жақсы шеберлердің көп екенін байқадым. Олар қазақтың зергерлік өнері тақырыбы мен дәстүрін терең түсінеді. Сериялы жұмыстар да кездеседі. Тағы да бір маңызды жайт, зергерлердің әшекейлер жасауда өзіндік мәнері бар. Тақырыпты дамыту, экспозицияны шығармашылық тұрғыдан ұсына білу – бұл маңызды ілгері қадам, – дейді қонақ. – Мұндай байқаулар одан әрі дамуға және жетілуге серпін береді.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ


Соңғы жаңалықтар