Көкшетау қаласындағы «RIO» сауда-сауық орталығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне кіру билеттерін сататын касса ашылды. Енді көрермендер Астанаға сабылмай, жергілікті жерде билет сатып ала алады.
Арнайы көрме кассасының есепшісі Әйгерім Бекмағамбетованың айтуынша, үстіміздегі жылдың 8 наурызы мен 10 қыркүйегі аралығында аталған билет сату орны демалыссыз жұмыс істейтін болады. Бұл ретте Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар және жетім балалар көрмені тегін тамашалауға мүмкіндік алып отырғандығын айта кеткен жөн. Ал мектеп оқушыларына студенттерге, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Көкшетауда ашылған кассадан алған билет алушылардың бірі Гүлжиһан Сейтқасымова өзінің әсерімен бөлісе келіп, былай деді: «Мен қаламызда осындай тұрғындарға ыңғайлы орында ЭКСПО-2017 кассасының ашылуына қуаныштымын. Мамандандырылған көрме еліміздің халықаралық аренада танымал болуына жол ашады. Айтпақшы, билеттерді сайт арқылы сатып алуға болады екен. Сондай-ақ, билеттер «Меломан» дүкендер желісінде және «Қазпошта» бөлімшелерінде сатылуда.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Жел, жаңбыр, найзағай: Синоптиктер бірқатар өңірге ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 08:00
Дональд Трамптан кейін Қытайға Владимир Путин барды
Саясат • Кеше
Зейнатақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады
Экономика • Кеше
20 мамыр күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Шавкат Аюпов: Алтын Орда тарихы – Еуразия халықтарына ортақ мұра
Руханият • Кеше
Астанаға Кения Республикасының Президенті келді
Саясат • Кеше
ТЖМ құтқару операцияларына арналған төртінші ұшақты алды
Құтқарушы • Кеше
Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше