Оттава қаласында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлады Қазақстанның Канададағы елшілігі.
Оған Канаданың үш негізгі федералды партиясы болып табылатын Либералды, Консервативті және Жаңа демократиялық партиялардан Қауымдар палатасының депутаттары, атап айтқанда, Шетел істері және халықаралық даму комитетінің төрағасы – «Қазақстан-Канада» Парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Роберт Нолт, комитет төрағасының орынбасары Дин Алисон, комитет мүшелері Джон Маккей, Питер Фрагискатос, т.б. қатысты. Сонымен қатар, отырысқа Канада Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, оның ішінде Шығыс Еуропа және Еуразия департаментінің директоры Кевин Рекс, сондай-ақ жетекші талдау орталықтарының өкілдері шақырылды.
Қазақстанның Канададағы елшілігі дайындаған арнайы тұсаукесерде еліміздің бірінші және екінші жаңғыртылуы кезеңіндегі макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдісі бойынша инфографикалар, Қазақстанның мемлекеттілігі қалыптасуы мен егемендігі нығаюының негізгі қадамдары, Президент Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық бастамалары туралы ақпарат көлденең тартылды.
Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов өзінің сөзінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қалыптасуы барысында қоғамды демократияландыру бойынша жүйелі шара қолданылып келгенін, белсенді сыртқы саясаттың нәтижесінде еліміздің халықаралық сахнадағы беделі күннен-күнге өсе түсіп отырғанын атап көрсетті.
Үшінші жаңғырту шеңберінде Мемлекет басшысы белгілеген мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан мен Канаданың экономика құрылымының ұқсастығын ескере отырып, энергетика, инвестиция, мемлекеттік қызметті реформалау, шағын және орта бизнесті қолдау салаларындағы Қазақстан-Канада ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың зор әлеуетіне назар аударылды.
Канада парламентшілері Қазақстанның жетістіктері мен болашақ даму бағытына жоғары баға беріп, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге ниетті екендіктерін қуаттады. Осыған байланысты, үстіміздегі жылғы қаңтар айында Канада парламенттік делегациясының Астана қаласына сапары шеңберінде Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев, Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин және басқа да лауазымды тұлғалармен сәтті кездесулер өткені айтылды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар қалыптасуының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде бірқатар бірлескен іс-шара өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мемлекет басшысы Кения Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 14:49
Талғарда алаяқтар Джеки Чанның бейнесін пайдаланып зейнеткерді алдауға тырысқан
Қоғам • Бүгін, 14:17
Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:00
Көкшетау орталығындағы қираған мүсіндердің күйі тұрғындарды шошытты
Қоғам • Бүгін, 13:35
Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:10
Қоғам • Бүгін, 13:07
900-ден астам салымшы алданған: Шымкентте жасырын қаржы пирамидасы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 12:58
Тәуелсіздік сарайында Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:34
Депутат ҰБТ-дан жоғары балл алғандарға берілетін сыйлықтарға қатысты пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 12:28
АҚШ-та ер адам лотереядан 18 рет ұтыс ұтып алған
Әлем • Бүгін, 12:17
Өнер • Бүгін, 12:07
Қазақстанда облыстар мен ауылдарды құрудың жаңа тәртібі бекітілді
Парламент • Бүгін, 11:52
Атырау әуежайында сөмкесінде қару барын айтқан жолаушы рейстен түсірілді
Қоғам • Бүгін, 11:44