Қоғам • Бүгін, 14:36

«Даңғойлық жәрмеңкесіне айналды»: Депутат мектеп бітіру кештеріне қыруар қаржы жинау туралы

2 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештерін мейрамхана, банкет залы, демалыс орны мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынғанын тағы еске салды. Сонымен қатар мектептерге ата-аналар мен оқушылардан ақша жинауға, мерекеге сыйлық не өзге де материалдық құндылық талап етуге болмайды. Бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, еліміздегі көптеген мерекенің әлдеқашан «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналып кеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Даңғойлық жәрмеңкесіне айналды»: Депутат мектеп бітіру кештеріне қыруар қаржы жинау туралы

Фото: Ашық дереккөз

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, ата-аналар виньетка, фотосессия және салтанатты кештерге қыруар қаржы жұмсап жүр.

«Мен телефонмен-ақ суретке түсіріп, 10 минутта виньетка жасап бере аламын. Оған не үшін ондаған мың теңге төлеу керек?», деді депутат.

А. Аймағамбетов мектеп бітірушілер мен ата-аналардың 11 жылдық оқу аяқталған соң есте қаларлық әдемі кеш өткізгісі келетінін түсінетінін жеткізді. Дегенмен ол Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ұстанымын да ескеру қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, қойылған шектеулер ең алдымен қауіпсіздік пен әлеуметтік әділдік мәселесіне байланысты.

Депутат кейбір отбасылардың бітіру кешіне 1 миллион, 500 мың, тіпті 300 мың теңге көлемінде ақша сұралатынына шағымданатынын айтты.

Астанадағы мектепте атыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

Сонымен қатар депутат мектептегі ресми іс-шаралар тоқтатылмайтынын ерекше атап өтті. Соңғы қоңырау, салтанатты жиындар мен мектеппен қоштасу рәсімдері дәстүрлі түрде өткізіле береді.

«Осы әсерлі сәттердің ешқайсысы жойылмайды», деді ол.

Сонымен бірге депутат ересектердің бақылауынсыз кейбір түлектердің мейрамхана мен коттедждерде өз бетінше тойлауға баруы мүмкін екенін де жасырмады.

Бұған дейін, Талдықорғанда мектеп оқушысы студентті өлтірді деген күдікке ілінгені туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар