Алты ай қысы бар Алтайда түз тағылары мен адамдар арасындағы мұндай кездойсақ «кездесулер» жиі болмаса да, ара-тұра болып тұрады. Бұл жолғы «кездесу» Зырян ауданындағы Путинцев ауылының маңында болды. Бірнеше көлікпен қаздай тізіліп жүйткіп келе жатқан жолаушыларды жол үстінде бұланның ұрғашысы қарсы алып, «тоқтатқан»
көрінеді. Түз тағысы көліктерден мүлде сескенбегендіктен, жолаушылар өздігінен тоқтауға мәжбүр болыпты.
– Бірнеше көлікпен демалыстан қайтып келе жатқан едік. Жол үстінде тұрған алып жануар еріксіз назарымызды өзіне аударды. Жол болғанда, құдды МАИ қызметкерлеріндей жолдың тура ортасына тұрып алыпты. Түз тағысын табиғат аясында алғаш рет көруім. Үйдің үлкендігіндей тіршілік иесіне жақындауға ешкімнің батылы бармады. Әрине, бұл көріністен алған әсеріміз керемет, бірақ қорыққанымызды да жасыра алмаймыз, – дейді бұл жайтқа куә болған Зырян ауданының тұрғыны Роман Похиленко.
Зыряндықтар бұланның бұл жүрісін сан-саққа жүгіртіп отыр. «Зырян орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкері, аңшы Василий Головцов аудан тұрғындарының «Түз тағысы қардың қалыңдығынан ашығып, адамдардан жәрдем күтіп жүр», деген пікіріне келіспейтіндігін білдіріп, көктем мезгілінде бұланның бұлай жүруі қалыпты жағдай екендігін, оған алаңдаудың қажеті жоқтығын айтты.
– Қыс уағында бұландар тау беткейінде үйірімен жайылады. Азығы мол жерлерде жүреді. Ал жазыққа олар тек көктем мезгілінде қардың көбесі сөгілген уақытта түседі, – дейді аңшы.
Түз тағыларының мінезін бес саусағындай білетін аңшы де- малушылардың бұланға жақындамағанының дұрыс болғандығын, жақындаса, жазым қылуы әбден мүмкін екендігін жасырмады.
– Бұланмен ойнауға болмайды. Бұл – күшті ғана емес, таудай ірі жануар. Әсіресе бұланның ұрғашылары ызақор келеді. Адамдарды ағаш басына өрмелетіп, мықты деген трактордың өзін зақымдаған жағдайларға талай мәрте куә болғанбыз, – деген Василий Головцов көктемнің көкөзегінде бұланды кездестіру үйреншікті дүниеге айналғанын, олардың бұл жерге жыл сайын келетіндіктерін тілге тиек етті.
Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Бұлан да, бұл аңды көліктеріне тығылып тамашалаған тұрғындар да дін аман. Түз тағысы тек бір көлікке ғана тұяғын тигізіп, қалың орманға сіңіп жоғалыпты.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстанда облыстар мен ауылдарды құрудың жаңа тәртібі бекітілді
Парламент • Бүгін, 11:52
Атырау әуежайында сөмкесінде қару барын айтқан жолаушы рейстен түсірілді
Қоғам • Бүгін, 11:44
Домофон-үнқақпа: Тұрмыста жиі пайдаланылатын 30 бұйымның қазақша балама атаулары ұсынылды
Әдебиет • Бүгін, 11:28
Астанадағы танымал мейрамханаларда ит еті қосылған тамақтар сатылған
Оқиға • Бүгін, 11:14
ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:08
Димаш Құдайбергеннің «Көкжиектен асқан үн» жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады
Оқиға • Бүгін, 11:03
39 бала әлі тұтқында: Нигерияда қарулы топ мектептерге шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:00
Астана туралы заң қаланы қалай өзгертеді?
Парламент • Бүгін, 10:57
Қазақстан Халық Кеңесі билік пен халықтың өзара іс-қимылының жаңа алаңына айналады
Халық • Бүгін, 10:55
Парламент әкім сайлауына қатысты жаңа ережелер қабылдады
Парламент • Бүгін, 10:50
Алтын Орда: Ұлы дала өркениетінің алтын арқауы
Саясат • Бүгін, 10:44
Құрылтай депутаттары Конституциялық және Жоғарғы сот судьяларын қол сұғылмаушылығынан айыра алады
Парламент • Бүгін, 10:37
Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:32
Mango брендінің негізін қалаушының ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:30
Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады
Парламент • Бүгін, 10:28