Қарқаралы қаласының іргесі 1824 жылы Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланды десек, сол тұста шенді генералдардан бастап, шекпенді, шоқындылардың қазақ сахарасына жаппай келе бастағаны шындық. Әрине, құдалыққа келмегендері белгілі. Өздерімен бірге қыр қазағының зәре-құтын алуға суық қаруларын қоса сүйрете келген. Біреуі – мына зеңбірек.
1815 жылы Орал қаласында құйылған отты қару Қарқаралыға 1824 жылы әкелініпті. Шойыннан тұтас құйылған суық қарудың ұзындығы 129 сантиметр. Музей директоры Ержан Нұрмағанбетовтің айтуынша, зеңбірек 1947 жылы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жеткізілген. Салмағына келер болсақ, сегіз жігіт тік көтере алмайтын, мұражайға сүйретіп кіргізген зілдей қара темір. Қазірде тарихи жәдігерге айналған отты қарудың кейіннен тұтандырғышын құйып тастаған... Ұңғысының диаметрі – 4-7 сантиметр. Сыртында «СЛ лита в Каменс 1815 г. Сверл Висе Е.З.» деген жазу бар.
Айта кетейік, зілбатпан зеңбірекпен бізді таныстырған – Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. Музей 1932 жылы 7 қарашада РКФСР Халықтық комитеті бұйрығымен ашылған. Жалпылай алғанда, музейде бірегей экспонаттар жеткілікті. Мәселен, Қазыбек би, Әбілхайыр хан, Абылай хан мен басқа да саяси қайраткерлердің, қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының түпнұсқадағы хаттары, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалыстарының тарихын ашатын мұрағаттық материалдар халық назарына ұсынылған.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 20:37
Қазақстан құрамасы әлем чемпионы
Спорт • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы ЕАЭО аясындағы екі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 19:35
БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,9 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 19:24
Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақы көлемі өсуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 18:47
Талғардағы адам өлімі мен бала ұрлығы: Учаскелік инспекторға үкім шықты
Қоғам • Бүгін, 18:16
Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 18:11
Мораторий аяқталды: Енді – нақты тариф саясаты
Экономика • Бүгін, 17:49
Олжас Бектенов «Ақ-Ата» бұлағын тазарту жұмысына атсалысты
Аймақтар • Бүгін, 17:23
Құтқарушылар үндеу жасады: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?
Елорда • Бүгін, 17:11
Ескі 10 мың теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 16:47
Суық маусымнан жылы кезеңге өту аралығы: Балаларды тұмау мен вирустан қалай қорғау керек?
Медицина • Бүгін, 16:33
Жағдайы ауыр екі науқас Түркиядан елге аман-есен жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 16:19