Жақында Түркияның Ыстанбұл және Бурса қалаларында «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасын таныстыру шаралары өтті.
2016 жылдың 1-2 желтоқсан күндері Әзербайжанның Шеки қаласында өткен Түркітілдес елдердің Мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің 34-ші мәжілісінде Қазақстанның Түркістан қаласы 2017 жылғы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланған болатын.
Өткен айда Түркістан қаласын бүкіл түркі жұртының ең танымал мәдени орталықтарының біріне айналдыру мақсатында Халықаралық ТҮРКСОЙ
ұйымы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының және Түркістан қаласының әкімдіктері күш біріктіріп «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының жылдық жоспарын бекіткен болатын. Атаулы жыл аясында Түркі әлемінің «Наурызнама» іс-шарасы, «Наурыз» халықаралық ақындар айтысы, Халықаралық «Театр көктемі» фестивалі, «Бұраң бел» би фестивалі, Түркі әлемі қолөнер шеберлерінің фестивалі, Халықаралық медиа форум, «Ұлы Дала сазы» дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалі сияқты ондаған ірі мәдени жобаларды іске асыру жоспарланған. Алдағы 21 наурыз күні «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының салтанатты ашылуы мен ТҮРКСОЙ Баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді. Қасиетті қалада өтетін алғашқы ірі шараға түркітілдес елдерден 250-ге жуық өнерпаздар, ғалымдар, журналистер мен ресми делегация өкілдері келеді.
Түркістанда жыл бойы өткізілетін шаралар туралы түрік жұртшылығына ақпарат беру мақсатында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Ыстанбұл қалалық мәдениет басқармасы және Бурса қалалық мәдениет басқармасы бірігіп ұйымдастырған іс-шараға Ыстанбұл мәдениет басқармасының басшысы Невзат Күтүк, Бурса қаласының әкімі Режеп Алтепе, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, осы ұйымдағы Әзербайжан өкілі Елчин Гафарлы, Қазақстан өкілі Асқар Тұрғанбаев, Қырғызстан өкілі Қожагелді Кулуев және ТҮРКСОЙ Қаржы бөлімінің басшысы Санжар Мүләзімоғлы қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облысының туристік аймақтары мен Түркістан қаласының көрнекті жерлерін насихаттайтын қысқа фильмді көрсетумен басталған жиында сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов түркі өркениетіндегі Түркістан қаласының тарихи маңызын айта келе, «мәдени астана мәртебесіне орай, жыл бойы Түркістан, Шымкент қалаларында ондаған ірі мәдени шаралар өткізілетін болады. Ең бастысы, биыл бұл өңір түркі әлемінен туристер мен мәдениет қайраткерлерінің жиі бас қосатын, зияратқа келетін мәдени орталығына айналады. Бауырлас түркі халықтары бір-бірінің мәдениетін жақыннан танитын болады», – деді.
Асқар Әбдуәлиұлы

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 20:37
Қазақстан құрамасы әлем чемпионы
Спорт • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы ЕАЭО аясындағы екі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 19:35
БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,9 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 19:24
Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақы көлемі өсуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 18:47
Талғардағы адам өлімі мен бала ұрлығы: Учаскелік инспекторға үкім шықты
Қоғам • Бүгін, 18:16
Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 18:11
Мораторий аяқталды: Енді – нақты тариф саясаты
Экономика • Бүгін, 17:49
Олжас Бектенов «Ақ-Ата» бұлағын тазарту жұмысына атсалысты
Аймақтар • Бүгін, 17:23
Құтқарушылар үндеу жасады: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?
Елорда • Бүгін, 17:11
Ескі 10 мың теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 16:47
Суық маусымнан жылы кезеңге өту аралығы: Балаларды тұмау мен вирустан қалай қорғау керек?
Медицина • Бүгін, 16:33
Жағдайы ауыр екі науқас Түркиядан елге аман-есен жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 16:19