Орал қаласында 330 адам «Қазтест» сынағынан өтті. Дәл осы күндері Батыс Қазақстан облысының Теректі, Бөрілі және Шыңғырлау аудандарында тағы 2000 адам мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесіне сай арнайы тест тапсырып жатыр.
– 2020 жылы Қазақстан Республикасы азаматтарының 90%-ы «Қазтест» тапсырып, мемлекеттік тілді меңгергенін көрсетуі керек, – дейді Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали.
Бұл – мәжбүрлі шара емес, әзірге ерікті іс. Мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі 5 топқа бөлінген. Тестіні алғаш тапсырушы әуелі диагностикалық сынақтан өтіп, өзінің тіл меңгеру деңгейін анықтайды. Кейін тесті қайта тапсырып, өз деңгейіне сәйкес сертификат ала алады. Болашақта «Қазтест» сертификатынсыз қызметке алынбайтын лауазымдар тізімі Үкіметте әзірленіп жатыр екен.
– Сынақты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тестілеу орталығының мамандары алады. Біз ұйымдастыру мәселелері жағынан көмекшіміз. Жыл соңына дейін облыста 10 мың адам «Қазтест» сынағынан өтуі жоспарланған, – дейді Махамбет Ихсанғали.
– «Қазақстан-Орал» телеарнасының 70 қызметкері «Қазтест» сынағын тапсырдық. Сынақ нәтижесі 1 айдың ішінде дайын болады екен. Сұрақтар өзіме қиын болған жоқ. Аудиосауалдар да бар. Екі жарым сағат ішінде 150 сұрақтың дұрыс жауабын белгілеп шықтық, – дейді редактор Лұқпан Елеу.
Тіл сынағын тапсырғандардың арасында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің де 70 маманы бар. Орталықтың құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Жансұлу Мұсақұлова өткен жылдың соңында 216 маман осындай тест тапсырғанын, алдағы маусым айында олар диагностикалық сынақта көрсеткен деңгейін қайта қорғап, сертификат алатынын жеткізді.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Оқиға • Бүгін, 22:45
Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Бокс • Бүгін, 22:37
Астанада кеміргіштерге қарсы көктемгі күрес науқаны басталды
Елорда • Бүгін, 21:42
Қазақстандық оқушы Stanford университетінің грантын иеленді
Ғылым • Бүгін, 21:20
Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 20:37
Қазақстан құрамасы әлем чемпионы
Спорт • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы ЕАЭО аясындағы екі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 19:35
БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,9 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 19:24
Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақы көлемі өсуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 18:47
Талғардағы адам өлімі мен бала ұрлығы: Учаскелік инспекторға үкім шықты
Қоғам • Бүгін, 18:16
Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 18:11
Мораторий аяқталды: Енді – нақты тариф саясаты
Экономика • Бүгін, 17:49
Олжас Бектенов «Ақ-Ата» бұлағын тазарту жұмысына атсалысты
Аймақтар • Бүгін, 17:23