Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев БАҚ өкілдеріне «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында нақтыланған міндеттердің орындалу барысын баяндап, биыл атқарылуы тиіс жұмыстардың жай-күйін сөз етті.
Мемлекет басшысының Жолдауда айқындап берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында мамыр айында министрлік мамандары Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасын енгізеді деп жоспарланғаны белгілі болды. БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беру барысында ведомство басшысы Д.Абаев осылай деп мәлімдеді.
«Президентіміз ел Үкіметіне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Осы арқылы Қазақстандағы цифрлық индустрия мен ІТ саланы дамыту мәселелері бірыңғай жолға қойылуы тиіс. Сол себептен де, біз бүгінгі күні бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарудамыз. Атап айтқанда, мемлекеттік деңгейде орындалуы керек бағдарламаның жобасын Үкіметке алдағы мамыр айында ұсынуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.
Сонымен қатар, сала мамандары осы күндері 1300-ге жуық елді мекенде оптикалық-талшықты желімен қамтамасыз ету жобасын қолға алған. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында 2020 жылға дейін жүзеге асырылатын бұл жоба, еліміздің 2 миллионнан астам халқына кең жолақты интернетті пайдалану мүмкіндігін береді деп күтілуде.
Жиында Қазақстан бойынша радиожиілік стансаларын орнату жұмысы да сәтті жүріп жатқандығы айтылды. «Радиожиілік стансаларын салу белгілі бір уақытты қажет етеді. Ал жыл соңына қарай шамамен 200 радиожиілік стансаны орнатып үлгереміз деп үміттенеміз. Міне, сол кезде ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасы әлдеқайда жақсара түсетін болады. Бұл жоба негізінен желілік тарату жүйесін сандық теле-радиотаратуға көшіру нәтижесінде босаған жиіліктерді ұялы операторға беру арқылы іске асырылмақ. Осылайша, ұялы байланыс операторлары байланыс пен интернеттің сапасын арттырады деп жоспарлануда», – деді Дәурен Әскербекұлы.
БАҚ өкілдері тарапынан министрге қойылған сұрақтың бірі – жақын күндері көрерменге қайта жол тартатын «Ел арна» төңірегінде өрбіді. Қоғам арасындағы қызу талқыланған арнаның қайта ашылуына қатысты мәлімдемесінде министр былай деді.
«Атауының өзі елдің көңілінен шыққан бұл арнаның қайта ашылуының екі негізгі міндеті бар. Әрине, бұл танымдық бағыттағы арна болғандықтан, оның алғашқысы – әртүрлі тақырыптардағы құндылықтарды дәріптейтін деректі фильмдерді көрермен назарына ұсыну болса, екіншісі – халықтың көңілінен шығып, классикалық дүниелерге айналған көркем туындылармен қалың бұқараны қауыштыру. Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап елімізде «Discovery Showcase» HD телеарнасы хабар тарата бастайды және ол кейінірек қазақ тіліне өтеді. Осы жерде ерекше атап өткім келетіні, осы іске қосылатын қазақ тіліндегі нұсқасының өзі прайм-тайм сәттегі алты сағатты құрайтын болады», – деді Д.Абаев.
Биыл Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетіндігі баршамызға белгілі. Елбасы тапсырмасына орай, айтулы шара өз мәресіне жеткеннен кейін, көрме нысандарында халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру көзделген. Аталған министрлік осы жобаның жүзеге асырылуына мүдделі болып табылады. Сондай-ақ, бұл ведомство мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметтерді мейлінше «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына беруді мақсат етіп отыр. Нәтижесінде, жыл соңына дейін Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің үлесін 85 пайызға ұлғайту жоспарлануда.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
Несие • Бүгін, 14:48
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:59
Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:49
125 млн теңге: Түркістанда 21 адамды алдаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
NASA ғарышта iPhone пайдалануға ресми рұқсат берді
Оқиға • Бүгін, 12:12
Спорт • Бүгін, 11:55
7 ақпандағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 11:43
Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы күрт нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:33
Ташкентте белдесетін дзюдошылардың есімі белгілі болды
Спорт • Бүгін, 11:23
DeepSeek пен ChatGPT-ді жалған нұсқалардан қалай ажыратуға болады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:42
45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 10:32