– Қазақстанға хош келдіңіз! Біздің елімізде бұған дейін де бірнеше мәрте келгеніңіз есімізде...
– Көп рахмет! Иә, Қазақстанға үшінші мәрте жолым түсіп отыр. Ең алғаш бірнеше жыл бұрын ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясының отырысына келген болатынбыз. Екінші рет өткен жылдың наурыз айында Қазақстандағы парламенттік сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатыстық. Сайлаудың халықаралық талаптарға сай, әділ өткеніне куә болдық. Осы жолы Әзербайжан-Қазақстан парламентаралық достық тобының жетекшісі ретінде келіп отырмын. Алдағы уақытта сіздердің елдеріңізге тағы да жолым түседі деген үміттемін.
– Жалпы, Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың даму барысын қалай бағалайсыз?
– Біз Қазақстанды Әзербайжанның сенімді досы, бауырлас мемлекет деп танимыз. Екі ел Президенттерінің деңгейінде, парламентарийлер деңгейінде өте жақсы достық қатынастардың орнағанына көп жыл өтті. Осы уақыт аралығында өзара достығымыз нығайып, қарым-қатынастарымыз күшейіп келе жатқанын көріп отырмыз.
Біз Қазақстанға және Қазақстан басшысына ерекше құрметпен қараймыз. Екі ел басшылығының арасындағы достықты жоғары бағалаймыз. Өз басым мемлекеттеріміздің арасындағы парламентаралық достық тобының жетекшісі ретінде бізге дейін жасалған жұмыстарды одан әрі жетілдіре түсуге мүдделімін. Сондай-ақ, жасаған жұмыстарымыздың алдағы уақытта да жалғасын таба беруіне тілектеспін. Қазақстандық әріптестерімізбен ойымыз бір жерден шығады деп үміттенемін.
– Қазақстанды мекендейтін әзербайжан этносының өкілдері жетерлік. Олардың мұндағы тұрмыс-тіршілігі туралы қандай пікірдесіз?
– Биыл әзербайжан халқының Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне жер аударылғанына сексен жыл толып отыр. Сексен жыл бұрын қазақ халқы біздің қандастарымызға адами тұрғыда үлкен жақсылық жасады. Әзербайжандықтарды шеттетпей, бауырына тартты. Оны біз ешқашан ұмытпаймыз.
Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын әзербайжандардың қатары 120 мыңға жуықтайды. Олар өздерін бөтен елде емес, өз елінде жүргендей сезінеді. Қазақстанның тыныс-тіршілігінің барлық саласында әзербайжан ұлтының өкілдері бар. Елдің дамуына, өсіп-өркендеуіне барша қазақстандықтармен бірге үлес қосып жатыр. Қазақстанда халық игілігі үшін жасалып жатқан жақсылықтардың барлығын көруде.
Әзербайжан халқының салт-дәстүріне, тіліне, рухани құндылықтарына құрметпен қарап, оларды сақтап қалуға барлық жағдай жасалғанын жақсы білемін. Шынымды айтсам, өз басым, жергілікті әзербайжандардың арасынан бұл елге көңілі толмайтын адамды кездестірген де, ол туралы естіген де емеспін.
– Қазақстан-Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың келешегі туралы айтсаңыз.
– Екі мемлекеттің бірлескен ірі жобалары бар. Әсіресе, мұнай, инвестиция саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. Темір жол, су жолы, автомобиль жолы салаларындағы инфрақұрылымды өрістетуде жақсы жетістіктерге жеттік. Бұл екі елдің де экономикасына серпін беруде.
Сонымен қатар, басқа мемлекеттер қатысатын жобалар да аз емес. Қазақстан мен Әзербайжанның территориясы тарихтағы Ұлы Жібек жолының аса маңызды бөлігі екенін білесіз. Осы орайда, Жаңғырған Ұлы Жібек жолы – бірнеше мемлекеттің мүддесін қамтитын аса ірі халықаралық жоба болып отыр. Жалпы, Азия мен Еуропаны байланыстыруда екі елдің географиялық орны үлкен маңызға ие, бұл – біздің экономикамызды өрістету үшін үлкен мүмкіндік.
Бүгінде Ақтау порты арқылы Еуропадан Азияға, Азиядан Еуропаға жүк тасымалдау жолға қойылған. Қазақстан үшін Әзербайжан порттары арқылы Еуропаға шығу экономикалық жағынан өте тиімді. Әзербайжан да өзінің көлік инфрақұрылымын дамытуға күш салып жатыр.
Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері екі елдің мүддесін көздейтін, екеуіне де тиімді саяси, экономикалық бастамалардың барлығын қолдап, қуаттап келеді. Әсіресе, соңғы жылдары байланыс нығайып келе жатыр деп айта аламын. Сол себепті, Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының болашағына зор сеніммен қараған жөн.
Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты түркі әлемінің ақсақалы деп білеміз. Қазақстан басшылығының жүргізіп отырған саясатына қашанда құрметпен қараймыз. Жалпы, екі ел басшылығы халықаралық аренада бір-бірінің бастамаларын үнемі қолдап келеді. Болашақта Қазақстан мен Әзербайжанның әріптестік, достық қатынастары тереңдей түсетініне кәміл сенемін.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»
• 27 Ақпан, 2017
"Қазақстанды сенімді дос, бауырлас мемлекет деп санаймыз" (сұхбат)

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?
Қоғам • Бүгін, 16:07
Атырау облысында жол апатынан екі бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:58
Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?
Әлем • Бүгін, 15:39
Әл-Фараби даңғылындағы оқиғадан кейін Алматыда жол қауіпсіздігі күшейтілді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру 1 шілдеге дейін жалғасады
Білім • Бүгін, 15:07
Швед үстелі мен ұлттық тағамдар: Әскери қызметшілердің жаңа ас мәзірі қандай?
Әскер • Бүгін, 14:58
Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім 9,7%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 14:45
9 млн еуро шығын: Италиядағы музейден әйгілі суретшілердің туындылары ұрланды
Әлем • Бүгін, 14:18
Қазақстанда сәуір айының басында 32 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:56
Алматы қорығында аюлар қысқы ұйқыдан ерте оянды
Табиғат • Бүгін, 13:35
Мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабақтары басталды
Білім • Бүгін, 13:16
Елдегі су қоймаларының жағдайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 13:02
Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Цифрлық теңге – инвестициялық құрал емес: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 12:45
Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік елден шығарылды
Заң • Бүгін, 12:33