Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы 5 жылда 205 мектеп салынады. Сондай-ақ бейімделген ғимаратта орналасқан білім ошақтары мен үш ауысымда білім беретін мектептердің қатары азаяды, -деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Статистика мәліметтерге сүйенсек, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында туады. Бір жылда өңірде 70 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Осы көрсеткішке қарап, соңғы жылдары облыстағы халық өсімі жыл санап артып отырғандығын байқауға болады. Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысы демографиялық даму жағынан республикада алдыңғы қатарда. Нәтижесінде жыл сайын мектептердегі оқушылар саны шамамен 30 мыңға өскен.
Облыстағы 1021 мектептің 256-сы бейімделген ғимаратта орналасса, оның 82-сі саманнан салынған. 31 елді мекенде мектеп жоқ. Ал, 29 мектеп үш ауысымға өтудің алдында тұр. Осы күрмеулі мәселелерді шешу мақсатында алдағы 5 жылда облыста 205 мектеп салынбақ. Бұдан бөлек, «Балапан» бағдарламасы аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту мәселесі мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында шешімін табады. Осы бастаманың арқасында алдағы 3 жылда балаларды балабақшамен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Түркістан облысында 5 жастағы қызды ит қауып алды
Оқиға • Бүгін, 08:45
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Теңге • Бүгін, 08:30
Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:00
Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Экономика • Кеше
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Кеше
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Кеше