Орталық коммуникациялар қызметінде кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновпен брифинг өтті. Былғары қолғап шебері 10 ақпанда АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роши Уорренмен жұдырық түйістіріп, аса жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша чемпион атағын жеңіп алған еді. Кездесу барысында боксшы баспасөз мәслихатын өткізіп, Құрама Штаттарда өткен жекпе-жек туралы әңгімелеп берді.
Кездесуде Жақиянов Роши Уорренмен айқастың оңай болмағанын, жекпе-жектің барлық раундтарында жаттықтырушысы Рикки Хаттонның ақыл-кеңестерін тыңдап, қарсыласына ешқандай мүмкіндікті бермеуге тырысқанын айтты.
– Менің қарсыласым осал болған жоқ. Ол кезінде WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленген. Осы жекпе-жекте Уорреннің атағын жеңіп алдым. Бірінші раундта Уорреннің соққыларының жойқын болатынын білгенмін. Рингке соған дайындалып шықтым. Жекпе-жектің басында екі рет нокдаун алып қалдым. Бірақ, кездесу тізгінін өзімнің қолыма алып, жекпе-жекті жеңіспен аяқтадым. Ел намысы сынға түсіп жатқанда жеңілу дегенді білмеймін, білгім де келмейді. Содан болар, жекпе-жекте арқам қызып, Уорренді қуалап жүріп соққылағым келді. Ол «бесінші бұрышты» іздеп кеткенде босаңсымай, ішімнен шаруаны сол жерде тындыру керек деп шештім. Шаршы алаңда айқын басымдықпен жеңгенімді сездім. Қазылар алқасы да маған басым дауыспен баға берді, – деді ол.
Брифингте Жақиянов осы айқасқа WBA және IBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Рикки Хаттонның жетекшілігімен дайындалғанын, жаттығулардың бәрі Ұлыбританияда өткенін айтты.
– Рикки Хаттон тамаша жаттықтырушы. Мен оның командасымен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келемін. Ол 2007 жылы кәсіпқой боксқа келгенімде мені байқап, өзіне шақырды. Содан бері бүгінге дейін 28 жекпе-жек өткізіп, 27 рет жеңіске жеттім. Біздің жаттығулар Ұлыбританияда өтеді. Ол жақта бәрі жақсы ұйымдастырылған. Мысалы, соңғы жекпе-жекке 10 апта дайындалдым, – деді Жанат Жақиянов.
Сонымен бірге, ол шет елден шақыртулар келіп жатса ешқайда кетпейтінін мәлімдеді. Өзіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жатқан Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен жергілікті спорт басқармасына алғысын білдіретінін айтты.
– Мен ешқайда кетпеймін. Кеткім де келмейді. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақ елінің намысын қай жерде болса да қорғап, аспан түсті туымызды биікте желбіретіп жүремін. Қазір Петропавл қаласында облыстық балалар және жасөспірімдерге арналған мектеп-интернатта жаттықтырушы болып қызмет етемін. Биыл біздің мектептің үш тәрбиеленушісі «Спорт шебері» атанды. Алдағы кезде де спорт ордасынан талай жас талантты боксшылардың түлеп шығатынына сенімдімін. Қазір облыста боксқа қызығатын балалар көп. Мұның бәрі облыс әкімі мен спорт басқармасының спорт мектептеріне көрсетіп жатқан қолдауының арқасы, – дейді боксшы.
Кездесу соңында Жақиянов келесі қарсыласы Джеймс Макдоналдстің болуы мүмкін екенін айтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

ЖИ арқылы жасалған отандық фильм Канн кинофестивалінде көрсетілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:54
Александр Бублик Швейцариядағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Теннис • Бүгін, 13:43
Токио губернаторы Қазақстандағы іргелі реформаларды жоғары бағалады
Президент • Бүгін, 13:35
Тек SMS келеді: Қазақстанда автоқоңырау жүйесіне тосқауыл қойылмақ
Парламент • Бүгін, 13:20
WhatsApp желісінде топ құрған: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Қылмыс • Бүгін, 13:11
Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 12:52
NASCAR-дың екі дүркін чемпионы Кайл Буш қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 12:44
Шілдеден бастап кәсіпкерлерге шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін
Кәсіпкер • Бүгін, 12:30
Қазақстандағы жолаушылар пойызына Starlink интернеті қосылады
Технология • Бүгін, 12:27
Шұғыл қызмет өкілдері Астана әуежайына не себепті жиналды?
Елорда • Бүгін, 12:20
Соңғы қоңырау: оқушылар мұғалімдерге виртуалды гүл сыйлай алады
Білім • Бүгін, 12:14
АҚШ-та қанды қылмыскер өлім жазасынан құтылып кетті
Әлем • Бүгін, 12:00
Танымал спортшы Қуат Хамитов Атырауда жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:58
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:47