«Астана» клубының жаттықтырушысы Станимир Стойлов жартылай қорғаушы Рохер Каньястың кипрлік АПОЭЛ командасына ауысуы жайлы өз пікірін білдірді. Бұл туралы fca.kz хабарлады.
«Бірінші кезекте Каньястың командаға сіңірген еңбегін атап өткен жөн. Ол біз үшін өте маңызды ойыншылардың бірі болатын. Өздеріңіз білетіндей, Иван Милевскиймен келісімшартқа отырдық. Бапкерлер алқасының шешімімен маусымның алғашқы бөлігінде командаға тез бейімделуі үшін осы ойыншыға басымдық беруді ұйғардық. Ал кипрліктер Рохерге көптен бері көз тігіп жүргендіктен және команда Европа Лигасындағы жолын жалғастырып, өз біріншіліктерінде чемпиондық аттаққа таласып жатқандықтан, бұл шешім клуб үшін де, ойыншы үшін де пайдалы болады деп шештік. Рохер жазда клубымызға келеді», – дейді Стойлов.
Сонымен қатар, болгар маманы «Астана» командасының оқу-жаттығу жиындары жайында да айтып өтті.
«Жаңа жылдан кейін команда бірінші рет жаттығу жұмыстарын Дубайда өткізіп жатыр. Бұл жерде біз үшін өте қолайлы жағдай жасалған. Жаттығу жұмыстары жоспарға сай өтуде. Әзірге барлығы көңілімнен шығуда», – дейді бапкер.
Айта кетейік, 26-жастағы колумбиялық футболшы АПОЭЛ сапына 2017 жылдың 31 мамырына дейін жалға берілген.

Қағаз жүзіндегі кооператив ауылды құтқара ма?
Экономика • Бүгін, 09:00
Қаратау қазынасы қисапсыз емес
Экономика • Бүгін, 08:55
Отандық тауарлар Моңғолияға экспортталады
Саясат • Бүгін, 08:53
«Цифрлық мектеп» білім жүйесін қалай өзгертеді?
Білім • Бүгін, 08:50
Ұлт мәдениетінің Қатар еліндегі салтанаты
Саясат • Бүгін, 08:48
Нұрлан Әбдіров: Біз үшін ең бастысы – сайлаушылар сенімі
Сұхбат • Бүгін, 08:45
Білім • Бүгін, 08:43
Шаруашылық • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:37
Конституциялық реформа: пайым мен парасат
Пікір • Бүгін, 08:35
«Ақ жол» партиясының ұстанымы айқын
Саясат • Бүгін, 08:33
Өнер • Бүгін, 08:30
Мемлекеттіліктің тегеурінді тұжырымы
Пікір • Бүгін, 08:28
Басылым • Бүгін, 08:25
Ақпараттың дәйектілігі мен жауапкершілігі маңызды
Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:23