2016 жылы Ордабасы ауданында 50 млрд 999 млн теңгенің өнімі өндірілген. Аудан бюджеті 14 млрд 385 млн теңгеге жетсе, жергілікті кірістер 1 млрд 160 млн теңгені құрапты. Ауыл шаруашылық өнім көлемі 29 млрд 433 млн теңгеге артса, мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 358 млн. 700 мың теңге, егін шаруашылығы бойынша түскен табыс 14 млрд. 075 млн. 100 мың теңгеге жеткен, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі мен ауыл округі әкімінің жылдық есебін тыңдаған өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы Шұбар ауылдық округінде инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегенін жеткізді.
«Шұбар индустриалды аймағында бірде бір жоба жұмыс істеп тұрған жоқ. 93 гектар жер 3 жылдан бері бос тұр. Сондай-ақ аталған окрукте «Индустрияландыру картасы» мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары бойынша ешқандай жоба іске асырылмаған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірде бір шағын цехтар ашылмапты. Аул округі аймағында ішкі жолдардың 66 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда»,- деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Ордабасы ауданының дотациялы өңір екеніне тоқталған облыс әкімі аудан бюджетінің 9 пайызы ғана яғни 1,3 млрд теңгесі өзіндік кірістер, қалған 13 млрд. теңгесі 91 пайызы трансферттер мен субенциялар құрайтынын жеткізді. 2017 жылы ауданға әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында республика, облыс бюджетінен 16 млрд. теңге бағатталып отыр.
Аудандағы ең басты мәселе – газдандыру. Осы мақсатта биыл 1,7 млрд теңге бөлініп, тұрғындар көгілдір отынған қол жеткізеді. Сондай-ақ өңірдегі 5 жаңа мектептің құрылысына 2,3 млрд теңге бағытталып отыр.
Ал, Шұбар ауыл окургінде биыл 471 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Атап айтсақ, Береке ауылында 200 орындық мектеп құрылысын жүргізу үшін 248 млн. теңге, Шұбар ауылындағы дәрігерлік емхана құрылысын аяқтауға 125 млн. теңге, Ақбастау бастауыш мектебіне 100 орындық мектеп ғимаратын сатып алуға 28 млн. теңге қаралып отыр. Сонымен қатар, өзекті мәселенің біріне айналған Шұбар ауылынан 150 орындық мәдениет үйін салуға жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға 8 млн. теңге қарастырылыпты.
• 26 Қаңтар, 2017
2016 жылы Ордабасы ауданында 51 млрд теңгенің өнімі өндірілді

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19