Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған осы комитеттің мүшелері Қазақстанның 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Д.Назарбаева геосаясат және әлемдік дипломатияда Астана процесі ретінде тарихқа енген Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздердің аяқталуымен Сыртқы істер министрлігінің ұжымын құттықтады. «Бұл Елбасымыздың саяси күш-жігері мен біздің еліміз дипломаттарының қажырлы қызметінің арқасында мүмкін болды. Осынау аса маңызды әрі нәтижелі жұмыс үшін комитеттің атынан алғыс айтамын. Жедел нәтижені ешкім күтіп отырған жоқ, дегенмен, ең бастысы, Сирия мәселесіндегі сең қозғалды, енді оның оң бағытта ғана дамитынына сенім артамыз», – деді сенатор.
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сыртқы саяси қызметтің қағидаттары мен қадамдары, мақсаттары мен міндеттері және басымдықтары жөніндегі негізгі мәселелер көрініс тапқан Сыртқы саясат тұжырымдамасымен сенаторларды егжей-тегжейлі таныстырды. 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы Қазақстанның жұмысындағы басымдықтарға ерекше назар аударылды.
Д.Назарбаева БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазақстандық дипломаттардың жұмысын республикалық электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен басылымдарда жария етуді ұлғайту қажеттігіне назар аударып, алға қойылған міндеттерге қол жеткізуде елшілер қауымына тілектестігін жеткізді.
Кездесу барысында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі барысында Сыртқы істер министрлігі мен Парламенттің өзара байланысы; Қазақстанның шет елдегі дипломатиялық өкілдіктерінің іс-қимылы; елімізге инвестициялар мен жаңа технологияларды тартудағы Қазақстанның сыртқы саясатын ілгерілету; Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің әлеуметтік саладағы өзекті мәселелері талқыланды.
Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков және Георгий Ким еліміздің сыртқы саясат мекемесінің жұмысын жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын ортаға салды.
• 26 Қаңтар, 2017
Сенатор Д.НАЗАРБАЕВА: «Сирия мәселесінде сең қозғалды»

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19