А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Балқан поэзиясы мен прозасынан сыр шертетін «Жарылқа мені, түн» атты жаңа жинақтың тұсауы кесілді.
Аталған кітаптың жарыққа шығуына есімі белгілі жазушы, аудармашы, Лондондағы «Абай үйі» мен Халықаралық Абай клубын құрушы, «Аманат» халықаралық әдеби журналының негізін қалаушы Роллан Сейсенбаев ұйытқы болды. Жаңа жинақпен таныстырған ««Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Поповичтің айтуынша, аталған еңбек Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебізіне ие болған «Менің 100 кітабым» сериясымен жарық көрді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланатын бұл серияның кітаптары демеушілердің көмегіне сүйенеді.
«...Ақыл-ой байлығы ешқашан сарқылмайды. Жақсы кітап сіздің өмірлік серігіңіз болмақ», деп жазған екен Елбасы аталған жинақтың алғысөзінде. Н.Попович Сербия, Черногория, Босния, Хорватия жазушылары мен ақындары шығармаларының жанына жақын екенін жеткізді. Оның ата-анасы бұрынғы югославиялық азаматтар екен. Ол осы орайда аталған елдердің құндылықтарын бағалай келе, жинақта барлық республикалардың рухы айрықша ашып көрсетілгенін және жарияланған мәтіндер өткен шаққа деген сағыныш сезімін оятатынын айтты.
– Бұл жинақты ХІХ-ХХ ғасырды қамтитын бұрынғы Югославия кеңістігіндегі жазба әдебиеті құдіретінің ескерткіші деп бағалауға болады, – деді Н.Попович.
Тағы бір айтарымыз, жақында жазушы Роллан Сейсенбаев Канаданың Эрнест Хэмингуэй атындағы әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Бұл сыйлыққа қазақ қаламгері «Елдер мен Континенттер» аталымы бойынша әлем халықтарының бірлік пен ынтымақта жарасымды өмір сүрулері жолындағы ізденіске ұмтылған шығармашылығы үшін лайық деп танылып отыр.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19