Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Ахмад әл-Тамимиді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Төраға дипломатты Қазақстандағы қызметінің басталуымен құттықтады және оның жұмысы табысты болуына тілектестігін білдірді. «Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ықпалды мүшесі әрі қазіргі замандағы Таяу Шығыстағы өркендеген мемлекеттің бірі болып табылатын Қатармен өзара тиімді байланыстарды дамытуға және тереңдетуге ерекше мән береді», – деді Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астанада өтіп жатқан келіссөздердің теңдесі жоқ ерекше сипаты бар екенін атап көрсетті. Олар бір жағынан бұл шиеленісті реттеуге бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назары ауып отырғанын, екінші жағынан Қазақстан әлеуетінің және осынау күрделі істегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі мен әділ бітімгер ретінде мойындалғанын паш етті: «Біздің еліміз өзін әлемдік дипломатиядағы жетекші тұғырнамалардың бірі ретінде көрсетті», – деді Сенат басшысы.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, осы кездесулердің нәтижелері қандай болса да, Астана үдерістері бұл күрделі мәселе бойынша алдағы Женевадағы келіссөздерге елеулі серпін беретін болады.

Өскеменде тіс емханасының 53 қызметкеріне екі айдан бері жалақы төленбеген
Қоғам • Бүгін, 10:05
Елордада екінші әуежай салудың жобалық жұмыстары басталды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Маңғыстауда 40 млн жыл бұрынғы акула тістері табылды
Оқиға • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 74 түрлі дәрілік зат шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады
Медицина • Бүгін, 09:38
Үсік пен аптап ыстық: Елімізде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Бүгін, 09:27
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше