Сирияда 2012 жылы басталған қантөгіс шиеленістен бергі уақытта Қазақстан бұл дағдарысты әскери қарудың күшімен емес, тек дипломатиялық жолмен ғана шешуге болатынын әлем жұртшылығына әлденеше рет жария еткен және бұл тұрғыда өз тарапынан нақты іс-шараларды қоса қолға алған-ды. Бұлай деуге толық негіз бар. Мәселен, 2012 жылы Президент Н.Назарбаев Сириядағы бүлікті бейбіт жолмен тоқтату үшін қарсылас тараптарды келіссөздерге шақырып, оларға Қазақстан жағынан барлық көмек көрсетілетінін мәлімдеген болатын.
Айтса айтқандай-ақ, 2015 жылғы мамыр айында Қазақстан Сириядағы оппозиция өкілдерінің бірінші тобын қабылдап, дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған келіссөздердің бірінші раундын өткізуге бастамашы болса, сол жылы қазанда екінші раундының сәтті өтуіне де толық жағдай жасаған еді. Соңғы шарада қол жеткен келісімдердің арқасында қоршауда қалған мыңдаған адамның босап шығуына мүмкіндік берген арнайы дәліз ашылған-ды.
Әлем қауымдастығы, сонымен қатар, Қазақстанның өзге мәмілегершілік қырларымен де жете таныс. Атап айтқанда, Иран ядролық бағдарламасын бейбіт бағытқа бұру, сондай-ақ, Ресей мен Украина арасындағы кикілжіңді бәсеңдету, сол сияқты, белгілі оқиғалармен байланысты Ресей мен Түркия арасында күрт өршіп кеткен саяси шиеленістердің түйінін шешіп, екі елді қайта татуластыруға бағытталған салмақты бітімгершілік саясаттың жемісті болуына да Қазақстанның үлкен үлес қосқаны әлі ұмытыла қойған жоқ.
Енді міне, үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында Ресей, Түркия және Иран тараптарының бастамашылығымен Астана Сириядағы соғыстың бейбіт жолмен тоқтатылуына атсалысатын және бір халықаралық үнқатысу алаңына айналғалы тұр. Өйткені, Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Тайип Ердоған ортақ мәмілеге келіп, Сирия басшылығы мен ондағы оппозиция өкілдерінің бастарын қайта қосып, Женевада үстіміздегі жылы ақпан айында өтетін келіссөздердің алдында қарулы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге үлес қосуы мүмкін және бір маңызды кездесуді алдын ала өткізу үшін тағы да Астананы таңдап алды. Президент Назарбаев бұл бастамаға да жан-жақты қолдау көрсететінін бірден мәлімдеді.
Бұл орайда ерекше атап өтетін мәселе мынау. Жоғарыда аталған үш мемлекеттің үшеуі де бұл келіссөздің сәтті өтуіне өте мүдделі. Себебі, Ресей мен Иран – о бастан-ақ Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп келген мемлекеттер. Алайда, аталмыш келіссөздің нақты орын алуына Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың қайта қалпына келуі негізгі себеп болып отырғаны күмәнсіз.
Алайда, Астанада өтетін келіссөздерге Сириядағы оппозиция өкілдерінен кімдер қатысады деген сауалға біржақты жауап беру мүмкін емес. Өйткені, бүгінгі Сирияның әскери картасына жете мән берген адамның ондағы ашық қызыл түспен боялған президент Башар Асадтың бақылауындағы территориялармен қатар, қара түспен де, сары түспен де, жасылмен де, көкпен де, тіпті өзге түстермен де боялған лаңкестік топтардың уысындағы территориялардың бар екенін байқамауы мүмкін емес. Сосын лаңкестердің арасында етек алған алауыздық, әсіресе, Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың қайта жандана бастаған сәтіне дөп келгені де шындық.
Енді Астанада өтетін келіссөздердің нәтижесі қандай болады деген мәселеге келер болсақ, біріншіден, ашық ақпарат көздерінен көріп отырғанымыздай, Башар Асадтың қарсыластары өткен айда Алеппода жеңіліс тапқаннан бері олардың арасындағы алауыздық пен жікке бөлінушілік бұрынғыдан бетер өршіп кеткен. Сондықтан олардың басы енді қайта біріге алмайды және осы уақытқа дейін өздері иелік етіп келген территорияларды бұдан былай олар қорғай да алмайды. Оның үстіне, қаңтардың жиырмасында АҚШ билігін қолға алған президент Дональд Трамп өзінің 16 минуттық қысқа да нұсқа ресми сөзінде әлемдік терроризммен түбегейлі күресетінін және оларға Америка тарапынан бұдан былай ешбір көмек берілмейтінін ашық мәлімдеді. Бұл мәлімдеменің Сириядағы жалдамалы лаңкестерге үлкен соққы болып тигені күмән тудырмаса керек. Сондықтан, халықаралық сарапшылардың пікірінше, Астанаға Сирия өкіметінің өкілдерімен келіссөз жүргізуге Асад билігімен соғысып жүрген «Еркін Сирия армиясы» деп аталатын қарулы топпен байланысы бар ұстамды оппозиция өкілдерінің басым көпшілігі келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Сириядан келіссөздерге қатысатын оппозиция өкілдері Астанада саяси мәселелердің талқыланбауын қатаң талап етіп, басты назарды Сирия аумағында бүкіл соғыс өртін тоқтатуға аудару қажеттігін өтініп, олай болмаған жағдайда келіссөздерге қатыса алмай қалған өзге саяси күштердің мүдделеріне нұқсан келетінін көлденең тартып отыр.
Бұдан сәл ғана бұрын белгілі болғанындай, Ресей АҚШ-тың жаңа билігінің өкілдерін Астана процесіне қатысуға шақырған еді. Бүгін бұл шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қатысады.
Қалай болғанда да, Астана келіссөздерінің басты мақсаты Сириядағы алапат соғыс өрті мен гуманитарлық апатты біржолата тоқтатуға бағытталған Женевада алдағы уақытта өтетін шешуші келіссөздердің алғышарттарын жасау болып табылады. Ендеше, барлық тараптар мүдделі болып отырған бұл келіссөздердің Астанада өтетінін жақсы нышанға балап, оның табысты болуын тілейік, ағайын.
Әділ АХМЕТОВ,
Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері

Владимир Путиннің Қытайға жасаған ресми сапары аяқталды
Саясат • Бүгін, 22:55
Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 22:27
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Бүгін, 21:09
Алматы көшелерінің бірінде жол қозғалысы 2,5 айға шектеледі
Қоғам • Бүгін, 20:40
Қазақстан бойынша биыл 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді
Қоғам • Бүгін, 20:29
Ұзақ үзілістен кейінгі оралу: Елдос Сметов Гран-при турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 19:43
Алтын Орда мұрасы: Әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
Руханият • Бүгін, 19:01
Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 18:56
Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:59
Жаңа заң жобасы: Қазақстанда билік жүйесі мен сайлау тәртібі қалай өзгереді?
Парламент • Бүгін, 17:58
Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін
Руханият • Бүгін, 17:40
Астанада Highvill маңындағы жаңа жол белгісі жүргізушілерді әбігерге салды
Оқиға • Бүгін, 17:32
Министрлік Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты пікір білдірді
Саясат • Бүгін, 17:21
Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:10