Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U18) Гранаткин мемориалы турнирінің финалында Ресей құрамасымен кездесіп, 0:1 есебімен есе жіберді.
Санкт-Петербург қаласындағы матч тартысқа толы өтті. Бірінші таймның ортасына қарай ресейліктер қақпашымен бетпе-бет шыққан, алайда қазақстандықтың бағы басым болып, голдан аман сақтап қалды. Дегенмен, Гранаткин мемориалында тәжірибесі бізден көш ілгері Ресей құрамасы 27-минутта жалғыз әрі жеңісті голды соғып кетті. Нәтижелі соққының авторы – Никита Поляков.
Кездесудің екінші 45 минутында Александр Кузнецовтан жаңа нұсқаулар алған өрендеріміз адуынды шабуылдарға көшті. Төрешінің ысқырығы естілісімен ойын тізгінін өз қолына алып, доптан айрылған тұстарда қарсыласын қыспаққа алуға тырысып бақты. Ұрымтал тұстарда бірнеше қауіпті соққы бағыттап та үлгерген. Бірақ осындай орайлы сәттер жерлестеріміздің уысынан суси берді. Өкінішке орай, матч соңына дейін таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Сонымен қатар, бұл күні жарыстың үшінші орны үшін Санкт-Петербург пен Грекия командалары сынға түсіп, турнир иелері 4:2 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз ұжымнан Ефрем Вартанян (29, 57-минуттарда), Никита Колдунов (44-минут) және Руслан Казаков (51-минут) мергендігімен танылса, гректерден Афанасиос Костанасиос (20-минут) пен Георгиос Тзоварас (74-минут) көзге түсті.
Айта кетейік, жастарымыз Гранаткин турнирінің финалына алғаш рет шығып тұр. Бұған дейін 2012 жылы соңғы, 2014 жылы 16-орынға ие болса, 2015 жылы 14 команданың арасында 10-орынға орналасқан.
• 22 Қаңтар, 2017
Қазақстан жастар құрамасы – Гранаткин турнирінің күміс жүлдегері (видео)

Владимир Путиннің Қытайға жасаған ресми сапары аяқталды
Саясат • Бүгін, 22:55
Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 22:27
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Бүгін, 21:09
Алматы көшелерінің бірінде жол қозғалысы 2,5 айға шектеледі
Қоғам • Бүгін, 20:40
Қазақстан бойынша биыл 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді
Қоғам • Бүгін, 20:29
Ұзақ үзілістен кейінгі оралу: Елдос Сметов Гран-при турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 19:43
Алтын Орда мұрасы: Әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
Руханият • Бүгін, 19:01
Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 18:56
Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:59
Жаңа заң жобасы: Қазақстанда билік жүйесі мен сайлау тәртібі қалай өзгереді?
Парламент • Бүгін, 17:58
Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін
Руханият • Бүгін, 17:40
Астанада Highvill маңындағы жаңа жол белгісі жүргізушілерді әбігерге салды
Оқиға • Бүгін, 17:32
Министрлік Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты пікір білдірді
Саясат • Бүгін, 17:21
Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:10