Әркімнің тағдыры әрқалай, ешкім бейнетті, мүгедектікті сұрап алмайды, ал тағдырына кез болған екен – көтеруі тиіс! Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына жол ашылған, олар спорттың бірнеше түрлері бойынша паралимпиадаларға қатысып, түрлі жаттығу орындарында шынығып жүр.
Маңғыстаудағы мүгедектер спорт клубының директоры Нұралы Құлышов – республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы. Үлгілі отбасының отағасы бола алған азамат өңірде талайлы тағдыр иелерінің қоғамнан бөлініп қалмай уақытын көңілді өткізуіне әрі денсаулығын шыңдауына көп көңіл бөліп келеді. Н.Құлышов мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты тағы бір жағымды жаңалықты жария етті.
Ақтау қаласында өткен жылдың тамыз айында басталған мүгедектерге арналған спорт кешенінің құрылысы жыл соңында аяқталған. Мұқтаж жандар 15 жыл күткен залға жергілікті бюджеттен 108 миллион теңге бөлініпті. Өңірдегі мүгедектер спорт клубына 167 адам тіркелген, жыл соңына дейін олардың саны 300-ге жетеді деп күтілуде. Ал волейбол, үстел теннисі, шахмат пен дойбы ойнауға мүмкіндік беретін, киім ауыстыратын орын мен жуынып-шайынатын бөлмесі бар, едені жылытылған залға қазір мүмкіндігі шектеулі 60 адам келіп жаттығып жүр.
Клуб жетекшісінің айтуынша, кешенге өңірдегі ірі компания 5 миллион теңге көлемінде демеушілік көрсеткен. Жүгіру және веложаттығу, кір тастары, спорттық киімдер мен теннис, волейбол торлары, доп, өзге де спорттық құрал-жабдықтар алыныпты. Алдағы уақытта демеушілерден көмек болса, үлкен теннис залын ашу мен арбамен спорттық би билеу түрлерін ашу, сондай-ақ, зағип жандар үшін голбол ойынын жолға қою жоспарда бар. Биыл көктемде облыстың аудандары мен қалаларында ондаған спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіп, өңір спортшыларын республикалық сайыстарға шығару межеленіп отыр.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Нью-Йорктегі тәртіпсіздік: Фанаттар автобусты өртеп жіберген, АҚШ,
Әлем • Бүгін, 21:49
Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 20:25
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Бүгін, 20:10
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00