Аймақтар • 14 Маусым, 2026

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласының 4А шағынауданындағы теңіз жағалауында заңсыз салынған қайық айлағы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

Ақтау қаласының әкімдігі аталған заңбұзушылыққа жол берген кәсіпкерге қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қатаң ескерту жасап, анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде толық жою жөнінде нұсқама берген.

«Кәсіпкерге нысан орналасқан аумақты бастапқы қалпына келтіру, заңсыз орнатылған құрылымдарды демонтаждау, жағалау аумағын абаттандыру және санитарлық талаптарды сақтау міндеттелді. Уәкілетті органдар тарапынан нұсқаманың орындалуы бақылауда болады. Қала аумағында жер учаскелерін, жағалау белдеулерін және қоғамдық кеңістіктерді заңсыз игеру мен құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол берілмейтінін ескертеміз. Мұндай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылады», делінген хабарламада.

СҚО-да азық-түлік бағасын шарықтатқан 125 кәсіпкер жауапқа тартылды

Әкімдік заң талаптарын сақтауға және кез келген құрылыс немесе абаттандыру жұмыстарын тиісті рұқсат құжаттарын алғаннан кейін ғана жүргізуге шақырды. 

Шыңғырлаулық кәсіпкер жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар