Қоғам • 14 Маусым, 2026

«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?

1 мин
оқу үшін

«Әділет» партиясының Саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы «AMANAT» партиясының мүшелеріне «Әділет» партиясына қосылу мүмкіндігі ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?

«Әділет» партиясының II Съезінде Рауан Кенжеханұлы партияға мүшелікке қабылдау әр азаматтың жеке таңдауы негізінде жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

− «AMANAT» партиясының мүшелеріне «Әділет» қатарына қосылу туралы ұсыныс жасаймыз. Бірақ бұл ұсынысты қабылдау не қабылдамау әр адамның өз шешімі болады. Қазір партияға мүшелікке өту рәсімі жеңілдетілген. Азаматтар цифрлық платформалар арқылы онлайн өтініш бере алады, − деді ол.

Оның айтуынша, партия қатарына қабылдау бойынша өтініштерді қабылдау жұмыстары басталып кеткен. 

«AMANAT» Съезі Президент реформаларына қолдау көрсету жолында «Әділетке» қосылуды мақұлдады

Еске салайық, бүгін Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өтіп жатыр. Еліміздің барлық өңірінде аталған партияның филиалдары құрылады.

 

Соңғы жаңалықтар