• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Елімізде егіс алқабы 23,8 млн гектарға жетті

Елімізде 2026 жылғы егін егу науқаны агротехникалық талаптарға сай мерзімінде аяқталды. Жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz

2026 жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыруға 750 млрд теңге қарастырылды. Бүгінде 4,8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 573 млрд теңге бөлінді.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау алғаш рет 2025 жылдың қазан айында басталып, фермерлерге маусымға алдын ала дайындалуға және шығындарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік берді.

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Кепілдік мүлкі жеткіліксіз шаруалар үшін несие сомасының 85%-на дейін мемлекеттік кепілдік беру тетігі іске қосылып, қаржыландыруға қолжетімділік айтарлықтай кеңейді.

Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде майлы дақылдар көлемі 4,3 млн гектарға, мал азықтық дақылдар көлемі 3,3 млн гектарға дейін ұлғайтылып, бидай алқаптары оңтайландырылды.

Соңғы жаңалықтар