Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастады.
Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Астана қаласының прокуроры болып қызмет істеген.
2022 жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды облысының прокуроры.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды.