Филиппинде 8 маусымға қараған түні магнитудасы 7,8 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Осыған байланысты елде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жерасты дүмпулері елдің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында болған. Германияның Геофизикалық зерттеулер орталығының (GFZ) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жағдайға байланысты Филиппинмен көршілес Индонезияда да цунами қаупіне байланысты халыққа ескерту жасалды. Әзірге екі елде де жағдай тұрақты болып отыр.
Алғашында GFZ жер сілкінісінің магнитудасын 8,2 балл деп бағалаған. Кейіннен Филиппиннің Phivolcs агенттігі зілзаланың магнитудасы 7 балл болғанын хабарлап, биіктігі бір метрден асатын цунами толқындары бірнеше сағат бойы жалғасуы мүмкін екенін ескертті.
Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты
Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияда жойқын теңіз дауылынан 600-ден астам әуе рейсі тоқтатылған болатын.